ҰРПАҚТАРДЫ ШАБЫТТАНДЫРУ: ITECA КОМПАНИЯСЫ ЭДВАРД СТРООННЫҢ МЕРЕЙТОЙЫН ЖАСТАР ҮШІН МҮМКІНДІКТЕР ҚҰРУМЕН АТАП ӨТТІ
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КӨРМЕ КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ БАСШЫСЫ ЭДВАРД СТРООННЫҢ 60 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ, ITECA КОМПАНИЯСЫ БАСШЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН БІРҚАТАР ИМИДЖДІК ІС-ШАРАЛАР ӨТКІЗДІ.
Iteca компаниясы «МЕН ТУРИЗМДІ ТАҢДАЙМЫН!» атты студенттік бизнес-жобалар байқауын ұйымдастырды, сондай-ақ Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде (ҚазХҚ және ӘТУ) студенттерге арналған коворкинг кеңістік ашылды. Серіктес ретінде дәл осы университеттің таңдалуы кездейсоқ емес. Бұл оқу орны Эдвард Строонның кәсіби қалыптасуында маңызды рөл атқарды – дәл осы жерде ол 30 жыл бұрын еңбек жолын бастаған болатын. Университет он жылдар бойы 10 тілде кәсіби білім беретін, көп салалы ғылыми-білім беру мекемесі ретінде көшбасшылық орнын сақтап келеді.
2025 жылғы 9 сәуірде Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің қабырғасында жаңа студенттік коворкинг кеңістігінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа коворкинг тек жайлы оқу және бірлесіп жұмыс істеу орны ғана емес, сонымен қатар креативті идеялар, стартаптар мен кәсіби дамуды жүзеге асыруға арналған алаңға айналды.
Жастарды қолдау әрдайым Iteca компаниясының әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыты болып келеді. Осындай студенттік коворкинг кеңістіктері сияқты бастамаларға инвестиция сала отырып, Iteca қоғамның тұрақты дамуына үлес қосып, студенттерге білім алу, тәжірибе алмасу және өзін-өзі жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Эдвард Строонның үлгісінен шабыт алған компания, жас мамандардың білімге, инновация мен көшбасшылыққа деген ұмтылысын қолдауды жалғастырып, Қазақстанның болашақ кәсіби қауымдастығын қалыптастыруға жағдай жасауда.
2025 жылғы 25 сәуірде, «Туризм және Саяхат» KITF 2025 көрмесі аясында, «МЕН ТУРИЗМДІ ТАҢДАЙМЫН!» студенттік бизнес-жобалар байқауының финалы өтті, онда 1–4 курс студенттері туризмді дамытуға арналған инновациялық жобаларын таныстырды.
Байқаудың мақсаты – жастарды инновациялық туристік жобаларды жүзеге асыруға тарту, Қазақстанның туристік ресурстары туралы хабардарлықты арттыру арқылы патриоттық сезімді тәрбиелеу. Байқау туризм саласындағы креативті идеяларды анықтауға бағытталды.
Бірінші кезеңде байқау финалына өткен ең үздік жұмыстар іріктелді. «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ, Қазақстандық Туристік Қауымдастық, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ оқытушылары мен Iteca компаниясының басшылығынан құралған тәжірибелі қазылар алқасы үздік жобаларды анықтады. Жеңімпаздар ақшалай сертификаттармен марапатталды.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған жобалар:
- Жұмабай Карина, Ақыңқожақызы Айғаным – 3 курс студенттері, «Шекарасыз туризм: Қазақстандағы инклюзивті туризмге арналған алғашқы туристік маршрут» жобасы – 300 000 теңге сомасындағы сертификат;
- Қадыров Мадияр – 2 курс студенті, «Алматыда Cityhub капсулалық қонақүйін ашу» жобасы – 200 000 теңге сомасындағы сертификат;
- Касибаева Еңлік, Мұсабеков Мұса, Атемов Мадияр, Дарын Әділжан – 1 курс студенттері,
«Ежелгі тылсымдар мен жер күші: мектеп оқушыларына арналған ғылыми-танымдық экскурсия» жобасы – 200 000 теңге сомасындағы сертификат;
- Зекенқызы Ақерке, Жәнібекова Нұрайым – 3 курс студенттері, «Каспий теңізіндегі круиздік туризм: мүмкіндіктер мен мәселелер» жобасы – 100 000 теңге сомасындағы сертификат;
- Уалиханова Ақмарал – 1 курс студенті, «Үржар ауылында агро және этнотуризмді дамыту» жобасы – 100 000 теңге сомасындағы сертификат;
- Закир Жанайым, Қалабай Альдана – 1 курс студенттері, «Алматыда туризмді дамытудың инновациялық тәсілі» жобасы – 100 000 теңге сомасындағы сертификат.
Өткізілген бастамалар ұрпақтар сабақтастығының, түп-тамырға деген құрмет пен дамуға деген ұмтылыстың символына айналды. Iteca компаниясы өз негізін қалаушының 60 жылдығына орай талантты жастарды қолдауға және Қазақстан туризмінің болашағын айқындайтын идеяларды ілгерілетуге үлес қосқанына мақтанышпен қарайды.
Эдвард Строон білімге, инновация мен ынтымақтастыққа сенеді, ал бүгінгі студенттердің жетістігі – осы құндылықтардың жаңа буынға шабыт беріп келе жатқандығының айқын дәлелі.
Iteca компаниясы алдағы уақытта да жастардың әлеуетін ашуға және Қазақстанды серпінді дамып келе жатқан ел ретінде танытуға бағытталған жобаларды қолдай береді.