22-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

РЕСМИ ҚҰТТЫҚТАУ СӨЗДЕРІ 2023

ТӨРАҒА, Д. РЫСПЕКОВ

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің атынан еліміздің оңтүстік астанасы Алматы қ. өтетін 21-ші қазақстандық халықаралық «Туризм және cаяхат» – KITF 2023» көрмесінің қатысушылары мен қонақтарын көргеніме қуаныштымын!

Бұл – жыл сайын қазақстандық және шекара маңындағы туристік нарықтардың барлық мамандарын экспоненттер мен алаңға келушілер ретінде жинайтын туризм саласындағы маңызды бизнес-оқиға. Әр түрлі туристік бағыттарды ұсынатын 250-ден астам жетекші компаниялар мен ұлттық ведомстволар стендтер ұсынады. Жыл сайын көрмеге қатысу 5000-нан астам сала мамандары үшін міндетті болып табылады. Көрме іс-шараларының халықаралық күнтізбесінде KITF ұзақ уақыт бойы туризм индустриясының негізгі 5 ісшарасының қатарына кірді, бұл MICE сегментінде және елдің бизнеске бағдарлануында жоғары көрсеткіш болып табылады.

Біздің елімізде туризм әрқашан серпінді әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды сегменті болды және болып қала береді. Сала субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді жобалары енгізіліп, жыл сайын жетілдіріліп отырады.

KITF форматындағы халықаралық көрме жалпы саланы және оның жекелеген сегменттерін дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады. Жыл сайын «Туризм және саяхат» алаңы сенімді өсуді көрсете отырып, ішкі туризмді дамыту құралы болып табылады. Көрмені өткізу кезеңінде Алматы қ. Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден 5000-нан астам кәсіпқойларды қарсы алады. Оларға 500-ге жуық экспоненттердің – қатысушы компаниялардың өкілдерін қосуға болады, олардың ішінде жыл сайын Қазақстанға және Алматы қ. келетін 20-дан астам ресми делегациялар бар.

Көрмеге жыл сайын Қазақстанның барлық өңірлері қатысып, халықаралық аренадағы ішкі туризмнің бай әлеуеті мен жетістіктерін ұсынады. Ортақ ұлттық стендтің бірыңғай тұжырымдамасы шеңберінде Қазақстанның ауқымды Дата: 30.03.2023 11:20. Копия электронного документа. Версия СЭД: Documentolog 7.18.1. Положительный результат проверки ЭЦП 2 экспозициясы мен жарқын көрнекі ұсынылуының арқасында қазақстандық туристік өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейі қарқынды өсуде.

«KITF 2023» көрмесінің барлық қатысушылары мен қонақтарына жемісті жұмыс, өзара тиімді байланыстар, одан әрі даму мен өркендеу тілеймін! Құрметпен,