2025 жылғы 23 және 25 сәуір аралығында Алматы қаласы, “Атакент” көрме кешенінде 23-шi KITF 2025 “Туризм және саяхат” Қазақстандық халықаралық көрмесі өтеді, көрменің аясында “Емдеу-сауықтыру және медициналық туризм” бөлімі ұсыналады.
“Емдеу-сауықтыру және медициналық туризм” бөлімінің жұмысы барысында Кореядан, Германиядан, Иорданиядан және басқа елдерден келген клиникалар, медициналық орталықтар және мамандандырылған туроператорлар сауықтыру туризмі саласындаы өз қызметтерін және пайдаланымдарын таныстару мүмкіндігіне қол жеткізеді. Стендке келушілер қатысушы-компаниялардың арнайы ұсыныстарын пайдаланып қала алады, кәсіби консультация ала алады, әр елдің оңалту медицинасы саласындағы мүмкіндіктері туралы пайдалы және өзекті ақпараттар біле алады.
“Емдеу-сауықтыру және медициналық туризм” экспозициясы елімізде және шет елде емделуді ұйымдастыру бойынша қызметтер ұсынатын Қазақстандағы компанияларға арналған мамандандырылған шара болып табылады және қатысушылар үшін болсын, сауықтыру туризмі нарығының тұтынушылары үшін болсын, саланың әлеуетін ашуға септігін тигізетін кәсіби алаң болады.
Медициналық сауықтыру туризмі емделушіге өмір сүретін елінің тысында медициналық қызмет көрсету тәжірибесі ретінде, соңғы жылдар айтарлықтай даму көрсетіп келеді және бизнес үшін перспективалық бағыт ұсынуды жалғастыруда. “Шекарасыз медицина” - медициналық турларды жоспарлайтын және ұйымдастыратын компаниялардың және туроператорлардың басты қағидалары. Көрме саланың соңғы жетістіктерін көрсетуге, индустриядағы трендтер мен жаһандық үрдістер туралы мамандарға және шет елде емделуді қалайтын барлық адамдарға ақпарат ұсынуға арналған.
Сақтандыру компанияларының, мамандандырылған туристік агенттіктердің және қайырымдылық қорларының өкілдеріне, сонымен қатар түрлі мамандықтың дәрігерлеріне “Емдеу-сауықтыру және медициналық туризм” бөліміне келу - шет елдік медициналық мекемелермен іскерлік байланыс орнату, қазіргі серіктестерімен ынтымақтастықтарын кеңейту, мақсатты аудиторияларымен тікелей сөйлесу мүмкіндігі.