KITF Қазақстандық халықаралық көрмесі 2001 жылдан бері өткізіліп келеді. Экспозиция туризм бойынша Орта Азиядағы ең ірі кәсіби алаң және елдегі туризм саласының басты оқиғасы болып табылады. Көрме индустриясының сарапшылар тарапынан KITF көрмесіне, B2B алаңының халықаралық стандарттарына сәйкестігі үшін UFI (Дүниежүзілік көрме индустриясының қауымдастығы) сапа таңбасы берілген.
KITF аясында халықаралық ауқымдағы оқиғалар өткізіледі, атап айтқанда: меморандумдарға, келісімдерге, мемлекеттер арасындағы аймақаралық және шекара бойындағы ынтымақтастық бағдарламаларына қол қойылу , сонымен қатар Қазақстан және Орта Азияның туристік индустрия нарығына арналған көрменің тиімділігін көрсететін республикалық жиналыстар, пленарлық отырыстар, роуд-шоу, семинарлар, презентациялар және басқа да салалық шаралар.
KITF экспозицияларының жыл сайынғы оң динамикасы туристік қызмет нарығының көрсеткіші болып табылады. 19 жылдық өткізілуінде, көрмеге әлемнің 63 елінен компаниялар және ұйымдар қатысты. Дәл осы жерде, халықаралық және жергілікті компаниялар нарықтың қажеттілігін және тұтынушының қызығушылығын бағалайды, бәсекелестік ортаны зерттейді, табысты арттырудың жаңа жұмыс істейтін құралдарын табады, одан арғы жұмыс стратегиясын түзейді.