21-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ
19-21 Сәуір 2023
Алматы, Қазақстан

KITF 2022 келушілерінің пікірлері

Сарыбаева Анна, Adygene Travel директоры, Қырғызстан

Біздің компания Қырғызстанда орналасқан, біз бұл көрмеге алғаш рет қатысып отырмыз және KITF туралы өте жақсы әсер алдық. Келесі жылы экспоненттер ретінде келеміз деп үміттенеміз, алаң өте жақсы ұйымдастырылған. Келушілерді тіркеудің өте ыңғайлы процесі, көптеген қатысушылар, көптеген елдер ұсынылған. Әзербайжаннан, Грузиядан өкілдер мен Қазақстаннан келген әріптестерімізді тапқанымызға қуаныштымыз. Біз көптеген жаңа таныстар тауып, көптеген өзекті мәселелерді талқылап, осының барлығын шағын-шағын алаң аясында ұйымдастырдық. KITF сізге қажет адамдарды табу өте оңай. Бізге жетпеген жалғыз нәрсе ол туристік альпинизм өкілдері - бұл біздің сала. Келесі жылы спорттық туризм секциясы кеңейеді деп үміттенеміз. Келесі жылы біз өз өнімдерімізді міндетті түрде алып келеміз және стендпен шығамыз!


Рюмина Оксана, WT Apartments директоры, WT Hostel, Қазақстан

Биыл қатысушылар құрамы өте бай. Мен ішкі туристік ағымға қызмет көрсететін хостелдер мен қонақ үйлер желісінің директоры ретінде ұсынылған отандық бағыттарға өте қуандым. Сыртқы турларға келетін болсақ, үлкен экспозицияны атап өтуге болады, біздің еліміздің барлық ірі туроператорлары өте ауқымды және ыңғайлы стендтерге ие. Әрбір менеджермен тыныш бизнес жағдайында келіссөз жүргізуге болады. Көрме толығымен алға қойылған үміттерді ақтады, көптеген жаңа байланыстар мен танысулар, тамаша баспа материалдары және шын мәнінде кәсіби іс-шара ұйымдастыру. Биылғы жылы көрме 2019 жылмен салыстырғанда ықшам, бірақ мазмұнды.


Канатов Альмади, Kettik Qazaqstan директоры, Қазақстан

Мен жыл сайын KITF көрмесіне барамын, себебі өзім туризм саласында жұмыс істеймін. Осы жылы маған көрме ұнады, мені жақын шетелдер қызықтырды, мен Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан өкілдерін таптым. Алаңда көптеген іс-шаралар мен конкурстар болды, іскерлік бағдарламаның іс-шараларына да қатыстым - өте пайдалы ақпарат. Сондай-ақ, белсенді демалыс бойынша серіктестер тапқанымызды атап өтемін. Біздің компания киелі орындар бойынша турлармен көбірек айналысады, ал қазір біз белсенді, спорттық демалыс қызметтерін кеңейтеміз. Байланыстар алмасып, болашақта ынтымақтасуға шешім қабылдадық. Мұның бәрі KITF арқасында.


Дарья Бакрий, Discover Doha операциялық менеджері, Катар

KITF 2022 көрмесі өте керемет! Біз көптеген әлеуетті серіктестермен таныстық. Біздің туристік компаниямыз Катар елінен, біз көрме туралы кеш естідік, әйтпегенде біз стендке қатысатын едік. Көрме өте құнды, көптеген елдер қатысады. Әзербайжаннан, Италиядан, Индонезиядан келген әріптестермен танысып, Алматы туралы көп нәрсе білдік және келесі жылы міндетті түрде қайта оралуға шешім қабылдадық.  Туризм саласындағы барлық мамандарға осы алаңға баруға кеңес беремін!


Джакубеков Данат, Intro компаниясы, Қазақстан

Маған көрме өте ұнады, мен мұнда әріптестерімнің ұсынысы бойынша алғаш рет келдім. Мен туризм саласында жұмыс істеймін, перспективалы бағыттарға қызығушылық танытамын. Көрменің ауқымы мені таң қалдырды және мен келесі жылы міндетті түрде келемін.