533 КОМПАНИЯ МЕН 5 000-НАН АСТАМ БІРЕГЕЙ КЕЛУШІ АЛМАТЫДА ӨТКЕН ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ІС-ШАРА – KITF 2025 КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАДЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ ӘСЕРЛІ ӘРІ ЖАРҚЫН ЭКСПО-ШАРАЛАРДЫҢ БІРІ – 23-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» – KITF 2025 КӨРМЕСІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.
2025 жылдың 23–25 сәуірі аралығында «Атакент» ҚІЫО-да 31 елден 533 компания үздік туристік бағыттарын ұсынды. Үш күндік көрме барысында 5 526 сала маманы көрменің бірегей келушісіне айналды. Көрмеге келгендер KITF-ті байланыс орнатуға арналған мінсіз платформа ретінде атап өтті: «Бұл – туристік агенттіктер, әуе компаниялары мен жүйе провайдерлері бірін-бірі таба алатын тамаша алаң. Биыл мен жаңа серіктестер таптым, олардың ішінде Air Astana бас директоры да бар. Біз жақсы сөйлестік, ортақ мүдделерімізді таптық. Сонымен қатар үш ірі серіктеспен ауызша келісімге қол жеткіздім», – деп өз әсерімен Sabre Travel Network компаниясының директоры Ербол Жәнібеков бөлісті.
KITF – туризм индустриясындағы тәжірибе, идеялар және инновациялармен кең ауқымды алмасуға мүмкіндік беретін, әлемнің түрлі елдерінен қатысушылар мен келушілерді жинайтын ауқымды шара. 2025 жылғы экспозиция келесі елдерден келген компаниялармен ұсынылды: Әзербайжан, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Грекия, Грузия, Мысыр, Үндістан, Италия, Қазақстан, Катар, Қытай, Куба, Қырғыз Республикасы, Латвия, Малайзия, Мальдив аралдары, БАӘ, Ресей, Румыния, Словакия, Словения, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Жапония. Көрмеге Қазақстаннан – 93 компания, шетелден – 438 компания қатысты, бұл экспо- шараның халықаралық деңгейдегі маңызын айқындайды.
Көрмеде ұлттық және өңірлік стендтерге ерекше назар аударылды. Биыл 15 ұлттық топ өз экспозицияларын ұсынды, олар: Әзербайжан, Вьетнам, Грузия, Қазақстан, Қытай, Куба, Қырғыз Республикасы, Малайзия, Мальдив аралдары, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Таиланд, Оңтүстік Корея және Жапония. Сонымен қатар, Қазақстанның түрлі қалалары мен облыстарынан 15 өңірлік стенд белсенді түрде ұсынылды, сонымен қатар Оңтүстік Кореяның Кёнгидо провинциясынан компаниялар. Көрменің жаңа бағыттарының қатарында Латвия мен Ұлыбритания болды, бұл қатысушылар географиясының кеңейгенін көрсетеді. Көрме келушілері жаңа бағыттармен танысудың пайдасын да атап өтті: «Мен Куба сияқты жаңа бағыттарды аштым, сондай-ақ Данангтағы және басқа қызықты орындардағы қонақ үйлер өкілдерімен таныстым. Бұл өте пайдалы әрі ақпаратқа толы болды», – деп Davainamore компаниясының директоры Айгерім Тәукенова бөлісті.
Көрмеге алғаш рет қатысқан компаниялар қатарында GTO KZ, SATGURU TRAVEL & TOUR SERVICES, My Travel, MAYRVEDA Kislovodsk, Qazaq Auyl, SIA DREAM VOYAGE және HTF Limited болды. Олар көрмені іскерлік байланыстарды кеңейтуге тамаша мүмкіндік ретінде бағалады: «Бізде қазірдің өзінде көптеген жұмыс келісімдері мен жаңа іскерлік байланыстар бар. Орташа есеппен біздің стендке шамамен 5 000 қызығушылық танытқан келуші келді. Бұл – серіктестік орнатуға керемет мүмкіндік», – деп SatGuru Travel & Tour Service LLP директоры Мехра Локендра атап өтті.
Көрменің алғашқы күні ресми ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Төксейітова, Қазақстандық Iteca көрме компаниясының директоры Борис Даниленко, қатысушы елдердің дипломатиялық миссияларының, елшіліктері және бас консулдықтарының өкілдері, сондай-ақ салалық қауымдастықтар мен одақтардың өкілдері қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы Ғалия Төксейітова былай деді: «82 елмен визасыз режимнің арқасында Алматы бүкіл әлем қонақтары үшін қолжетімді әрі тартымды қалаға айналуда. Бүгінде Алматы халықаралық деңгейде лайықты танымалдылыққа ие болуда. CNN Travel және Lonely Planet сияқты беделді басылымдар 2025 жылы саяхаттауға ең үздік бағыттардың қатарына біздің қаламызды да қосты».
Көрме аясында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Армения, Румыния және Өзбекстан туристік мекемелерінің өкілдері арасында іскерлік кездесулер өтті. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Атап айтқанда, Visit Astana және Visit Almaty қалалардың туристік әлеуетін ішкі және халықаралық деңгейде ілгерілету мақсатында әріптестік жөнінде меморандумға қол қойды.
Көрменің барлық күндерінде KITF Travel Forum алаңында қатысушылар мен келушілер үшін мазмұнды іскерлік бағдарлама өтті. Форумның негізгі тақырыбы TREND ZONE: BEYOND TRAVEL болды. Оның аясында панельдік және стратегиялық сессиялар, мастер-класстар, воркшоптар, таныстырылымдар және серіктестік кездесулер ұйымдастырылды. 23 сәуірде қатысушылар жаһандық өзгерістер, бизнесті бейімдеу, жаңа технологияларды енгізу және туризмнің дамуындағы негізгі үрдістерді талқылады. Сол күні «Пассажирские перевозки» АҚ туристік компанияларды жолаушыларға қызмет көрсету және туристік инфрақұрылым саласындағы жетістіктері үшін марапаттады.
24 сәуір практикалық кейстерге, өзекті стратегияларды талдауға және саладағы сараптамалық деңгейді арттыруға арналды. Форум аясында панельдік сессия, ішкі және келу туризмін дамытуға арналған сессия, мастер-класс, «қызу талқы» форматы, таныстырылымдар мен пікірталастар, сондай-ақ Kazakh Tourism мен туристік компаниялар арасындағы кездесу өтті, оның барысында ішкі және халықаралық туризмді дамытудың келешегі талқыланды.
25 сәуірде форум қатысушылары ішкі және келу туризмі бойынша мастер-класстарына және таныстырылымдарға қатысты. Осы күні «МЕН ТУРИЗМДІ ТАҢДАЙМЫН!» байқауының қорытындысы шығарылды, бұл байқау Қазақстандық көрме компаниясының негізін қалаушы және алғашқы басшысы Эдвард Струнның 60 жылдығына арналды.
Көрменің жаңашылдығы – Кофе-рейв болды, ол тиімді нетворкинг пен бейресми кездесулер мен пікір алмасулар үшін тамаша алаңға айналды. Бұған қоса, көрме «Умай» көркемсурет мектебімен серіктестік орнатып, «KITF SILKROAD TRAVEL –бәрі белсенді демалыс пен туризм үшін» атты жаңа бөлімді іске қосты. Экспозиция аясында Гастрономиялық туризм тақырыбы Taste & Travel алаңында қайта ұсынылды.
Мазмұнды бағдарламасы, қатысушылардың кең географиялық қамтылуы және іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны KITF 2025 Орталық Азиядағы жетекші туристік көрмелердің бірі екенін тағы да дәлелдеді.
Ресми серіктестері: KOMPAS TOUROPERATOR, Грузияның Ұлттық Туризм Әкімшілігі
Іскерлік бағдарламаның серіктестері: Trand Buro компаниясы және Success Travel Academy
Іс-шараға ресми қолдау көрсеткендер: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ,
Kompas компаниясы, «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ.
Ұйымдастырушы: Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.