23-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

23-25 сәуір 2025

23-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

23-25 сәуір 2025

KITF TRAVEL FORUM 2025: САЛА НАЗАРЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ТАҚЫРЫПТАР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР.

2025 ЖЫЛДЫҢ 23-25 СӘУІРІ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯСЫНДАҒЫ БАСТЫ ІС-ШАРАЛАРЫНЫҢ БІРІ – 23-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» – KITF 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

Биылғы көрме аясында кәсіби қауымдастыққа саланың негізгі трендтері, инновациялық шешімдері мен даму стратегияларын талқылауға мүмкіндік беретін мазмұнды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылады.  Іскерлік бағдарламаның басты алаңы – TREND ZONE: BEYOND TRAVEL болмақ, онда стратегиялық сессиялар, панельдік пікірталастар және арнайы воркшоптар өтеді.

Бағдарламаның алғашқы күні, 23 сәуір, индустриядағы жаһандық өзгерістерге, бизнес пен технологиялардың жаңа жағдайларға бейімделуіне және туризмнің дамуындағы негізгі үрдістерге арналмақ.

Іскерлік бағдарламаны «Азиядағы экономикалық өсімнің қозғаушы күші ретінде туризм: болашақ стратегиялар» атты стратегиялық пленарлық отырыс ашады. Оған Орталық және Шығыс Азия елдерінің туризм министрлері қатысады. Отырыс аясында индустрияның тұрақты өсу перспективалары, трансшекаралық маршруттар, инфрақұрылымдық даму және цифрлық бастамалар талқыланады. Сондай-ақ, Қытай туризм жылының Қазақстанмен екіжақты ынтымақтастыққа тигізетін әсеріне ерекше назар аударылады.

Тақырыптық панельдік пікірталастар қатарында туристік нарыққа цифрландыру мен тұтыну модельдерінің өзгеруінің әсеріне арналған «Next-gen travel: стратегиялар мен индустрия трансформациясы» сессиясы өтеді.

«Жаңа бағыттар: Азиядағы бум, combi-tours, цифрлық визалар мен қағазсыз шекаралар» сессиясында жаңа туристік бағыттардың дамуы, инновациялық сәйкестендіру жүйелерін енгізу және виза рәсімдерін жеңілдету мүмкіндіктері талқыланады. 

Авиация саласындағы өзекті мәселелер «Авиация 2025+: жаңа бағыттар, аспандағы бәсекелестік және жолаушылар үшін жарыс» пікірталасында қарастырылады. Онда жетекші авиакомпаниялар мен авиация саласын реттеуші ұйымдар аймақтағы әуе тасымалының негізгі даму трендтерін талқылайды.

Заманауи технологиялар мен клиентке жекелеген тәсілдерді қолдану «Дербестендіру және технологиялар: big data, ЖИ-ден болжамды туризмге дейін» сессиясында қарастырылады. Booking, Airbnb, Google Travel және технологиялық стартаптардың мамандары деректер мен жасанды интеллектті туризм индустриясында пайдаланудың үздік тәжірибелерін ұсынады.

Бірінші күннің бағдарламасын «AMBASSADOR TRAVEL: Блогерлер индустриядағы басты ойыншыларға қалай айналады?» панельдік пікірталасы аяқтайды. Онда жетекші travel-инфлюенсерлер мен авиакомпаниялардың маркетологтары контент жасаушылармен стратегиялық серіктестік пен digital-контенттің туристік бағыттардың дамуына ықпалы туралы пікір алмасады.

Іскерлік бағдарламаның екінші күні, 24 сәуір, сараптамалық білімге, тиімді стратегияларды талқылауға және бизнес-процестерге озық технологияларды енгізуге бағытталады. Бағдарлама «Қалай қымбат сатуға болады: премиум туризм және ерекше тәжірибелер» мастер-класымен басталады, онда luxury-туризм саласының сарапшылары жоғары деңгейдегі саяхаттарды жасау стратегияларымен және премиум-сегментпен жұмыс істеу тәсілдерімен бөліседі.

Одан кейін «Әсерді қалай сатуға болады: саяхатшылардың жаңа ұрпағы» сессиясы өтеді, онда experiential tourism, NFT-туризм және авторлық travel-өнімдер трендтері талқыланады.

Инновациялық шешімдер «ЖИ және чат-боттар туристік бизнес үшін: автоматтандыр және табыс тап» воркшопында ұсынылады, онда техникалық сарапшылар жасанды интеллектті енгізу және клиент сұраныстарын автоматтандыру тәсілдерін қарастырады.

Нетворкинг жаңа форматта «Кофе-рейв» аясында өтеді – музыкамен сүйемелденетін интерактивті іс-шара, ол іскерлік қарым-қатынас үшін еркін әрі жайлы орта қалыптастырады.

«Нақты уақытта контентті талдау» қызу талқы барысында жетекші маркетологтар мен продюсерлер табысты және тиімсіз travel-кейстерді талдап, аудиторияға тиімді шешімдер ұсынады.

Қорытынды тақырып «Ертең не істеу керек? Өсу үшін дағдарысқа қарсы және вирусқа қарсы стратегиялар» стратегиялық пікірталасына арналмақ. Бұл сессияда жетекші сарапшылар нарықтың даму болжамдарын ұсынады және бизнесті өзгермелі жағдайларға бейімдеу бойынша ұсыныстар береді.

Көрме және оның KITF Travel Forum іскерлік алаңы саланың одан әрі дамуына қуатты серпін беріп, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және жаңа туристік бағыттарды ілгерілетуге ықпал етеді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ, Kompas компаниясы, «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ ресми қолдау көрсетеді.  

Іскерлік бағдарламаның серіктесі – Trend Buro және Success Travel Academy.

Іс-шараның ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы