23-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

23-25 сәуір 2025

23-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

23-25 сәуір 2025

KITF 2025 – ТРЕНДТЕР, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК ТУРИСТІК БАҒЫТТАРЫ ТОҒЫСАТЫН ОРЫН

2025 ЖЫЛДЫҢ 23-25 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 23-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» – KITF 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.  

Қазақстандағы туристік сала қарқынды дамып келеді. Тек 2024 жылдың алғашқы 11 айында нарық 25%-ға өсті. Сарапшылар бұл өсімді демалыс бағыттарының көбеюімен, әуе рейстерінің жиілеуімен және қазақстандықтар үшін визасыз елдердің санының артуымен байланыстырады. Бұл деректер KITF көрмесінің туристік саланы одан әрі дамыту және Қазақстандағы позициясын нығайту үшін маңызды платформа екенін айқындайды.

KITF – бұл жай ғана көрме емес, Орталық Азияның туристік индустриясы көшбасшылары бас қосатын басты алаң. Жыл сайын көрмеге жетекші компаниялардың өкілдері, мемлекеттік ұйымдар және мыңдаған мақсатты келушілер жиналады. KITF – іскерлік байланыстар орнату, жаңа туристік бағыттар мен қызметтерді таныстыру, сондай-ақ үздік тәжірибемен алмасу үшін бірегей платформа. 2024 жылғы көрменің табысты нәтижелерін ескере отырып 5000-нан астам келуші және 406 қатысушы, KITF 2025 ауқымы мен мазмұнын кеңейтуді жоспарлап, сала өкілдерінің одан да көп санын тартуды мақсат етеді.

Қазіргі уақытта көрме белсенді қалыптасу кезеңінде. Таиланд, Малайзия, Оңтүстік Корея, Жапония, Вьетнам, Грузия, Әзербайжан, Словения, Қазақстан және Ресей (Санкт-Петербург пен Алтай өлкесінің стендтері) ұлттық топтары қатысуын растады. Олар кең ауқымды туристік мүмкіндіктерді ұсынады, бұл елдер арасындағы мәдени алмасу мен ынтымақтастықты нығайтуға маңызды қадам болмады. Сонымен қатар, экспо-шара жаңа бағыттар мен технологиялардың дебют алаңы болады. Атап айтқанда, медициналық туризм мен digital-қызметтер саласындағы озық шешімдер ұсынылады, олар бүгінде саланың ажырамас бөлігіне айналып отыр.

KITF 2025 қатысушыларының қатарында KOMPAS TOUROPERATOR, FUN&SUN (ITOUR), CRYSTAL BAY KAZAKHSTAN, Polar Travel, SLKI /SLOVENIA және басқа да ірі туроператорлар бар. Бұл компаниялар келушілерге бірегей туристік өнімдерді ұсынады, соның ішінде жеке әзірленген маршруттар, тиімді брондау шарттары және эксклюзивті бағыттар. Келушілер сондай-ақ қазақстандық SCAT Airlines (Sunday), FlyArystan, Air Astana авиакомпанияларын қоса алғанда, жетекші авиакомпаниялардың ұсыныстарымен таныса алады. Олар әуе маршруттарын, эксклюзивті бағдарламаларды және халықаралық және ішкі рейстердің жаңа өнімдерін ұсынады, бұл саяхатшылар үшін қол жетімді мүмкіндіктердің кеңеюіне ықпал етеді. Көрмеге қатысушылар әуе саяхаты саласындағы негізгі үрдістер туралы білуге және нарықтың жетекші ойыншыларының ұсыныстарын пайдалануға бірегей мүмкіндік алады.

Іскерлік бағдарламаның орталық элементі KITF Travel Forum болады, оның аясында семинарлар мен презентациялар өтеді. Бұл қатысушыларға заманауи трендтер туралы өзекті білім алуға, туризмнің дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылауға және әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Жалпы көрме алаңы 5535 шаршы метрден асады, бұл ауқымды экспозициялар ұйымдастыруға және саяхат саласының кәсіби мамандары мен әуесқойлары үшін қызметтер мен шешімдердің толық спектрін ұсынуға мүмкіндік береді.

KITF 2025 өңір мен елдің жетекші туристік оқиғасы ретінде өз статусын тағы да растап, Қазақстандағы туризмді дамытуға және халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді. Әрбір өңірдің мәдениеті, дәстүрлері және бірегей ерекшеліктері көрме экспозицияларында және презентацияларда көрініс тауып, қатысушыларды жаңа ашылымдарға шабыттандырады.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы» АҚ, Kompas компаниясы және «Қазақстандық туристік қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі ресми қолдау көрсетті. 

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы