22-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ
22-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

KITF 2022 МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕСІНДЕ АЛМАТЫНЫҢ СҰЛУЛЫҒЫ МЕН ТУРИСТІК МҮМКІНДІКТЕРІНЕ БӨЛЕНІҢІЗ

Іле Алатауының бөктерінде таңғажайып Алматы қаласы орналасқан. Іле Алатауы таулары Тянь-Шань тау жүйесіне кіреді. Тянь-Шань - бұрынғы Кеңес Одағындағы ең биік (Памирден кейінгі екінші) тау жүйелерінің бірі екенін айта кету керек.

Almaty pic

Негізінен Тянь-Шань тау алабы Қырғызстан аумағында, ал солтүстік және батыс жоталары Қазақстанда орналасқан. Алматы-кең көшелері, әдемі ғимараттары, көптеген саябақтары мен скверлері бар шуақты, жасыл желекке оранған қала. Қаланың 150 жылдық бай тарихы көптеген көрнекті орындарда, тарихи мәдени және тарихи ескерткіштерде, қаланың сәулеті - ескі бекініс ғимараттарынан бастап заманауи биік кешендерге дейін көрінеді.

Қала Көктөбе сияқты көрікті жерлерімен танымал. Бұл Оңтүстікте қаламен шектесетін таулы аймақ. Көктөбе 1070 м биіктікке жетеді. Көктөбе-түнгі қаланы көруге арналған ең жақсы панорамалық нүкте.

Қаланың бас алаңы - Республика алаңында - мерекелік шерулер, салтанаттар, спорттық іс-шаралар, халықтық серуендер өткізіліп қоймай, қазақ халқының тарихи байлығын бейнелейтін Тәуелсіздік монументі орнатылған. Ескерткіш Сақ патшайымы Томиристің заманынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан шежіресін бейнелейді. Кешеннің ортасында тәуелсіздіктің ескерткіші - "Алтын Адам" орналасқан.

Алматының таулы аймақтарында күн мен ғарыштық сәулелерді зерттеуге арналған ғылыми станция, Каменск үстірті мен Ассы асуындағы астрофизикалық обсерваториялар, Медеу мұз стадионындағы спорт кешендері, Шымбұлақ тау шаңғысы станциясы, альпинистік және туристік лагерлер, курорттар, демалыс үйлері мен кемпингтер бар.

Алматының туристік нысандары туралы толық ақпарат алу үшін сіздерді 20-22 сәуір аралығында, Алматы, Қазақстан, "Атакент" көрме орталығында өтетін KITF 2022 экспозициясы аясында қаланың стендін тамашалауға шақырамыз.