24-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

22-24 сәуір 2026

24-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

22-24 сәуір 2026

Air Astana компаниялар тобы маршруттық желіні кеңейтуде

AirAstana 2026

Air Astana компаниялар тобы – табыс көлемі мен әуе паркінің саны бойынша Орталық Азия мен Кавказдағы ең ірі әуе компаниялар тобы. 63 заманауи әуе кемесінен тұратын жас парктің арқасында Топ Орталық Азия, Кавказ, Қиыр Шығыс, Парсы шығанағы елдері, Үндістан және Еуропа арқылы ішкі, өңіраралық және халықаралық бағыттарда тұрақты, тікелей және транзиттік, қысқа және ұзақ қашықтықтағы жолаушылар тасымалын, сондай-ақ жүк тасымалын жүзеге асырады. Бір-бірін толықтыратын екі сараланған бренд (толық сервисті бренд және Қазақстанның жетекші әуе тасымалдаушысы болып табылатын Air Astana және лоукостер бренді FlyArystan) Топқа әртүрлі клиенттік нарықтар мен географиялық аймақтарға бағдарлануға мүмкіндік береді, клиенттердің кең ауқымды қажеттіліктері мен сапар мақсаттары арасында таңдау ұсынады.

Air Astana компаниялар тобы ұшу географиясын белсенді түрде кеңейтуді жалғастыруда, жаңа халықаралық бағыттарды ашып және сұранысқа ие маршруттар бойынша рейстер жиілігін арттыруда. Бұл жолаушыларға саяхат жасауға да, іскерлік сапарларға да көбірек мүмкіндік береді.

29 наурызда Air Astana Алматы – Шанхай жаңа бағыты бойынша алғашқы рейсін орындады. Рейс аптасына үш рет Airbus A321LR әуе кемесімен орындалады.
2 маусымнан бастап Астана – Гуанчжоу бағыты бойынша рейстер аптасына екі рет іске қосылады.
Маусым айынан бастап Air Astana Кипр аралына рейстер ашады: Астана және Алматы қалаларынан Ларнакаға*.

Сонымен қатар бірқатар бағыттар бойынша рейстер жиілігі артады: мамыр айынан бастап Астанадан Франкфуртқа рейстер күн сайын орындалады, Пекин, Стамбул, Анталья, Үрімші, Лондон, Тбилиси және Ташкент бағыттарына рейстер жиілігін арттыру жоспарлануда.

Жазғы маусымда танымал туристік бағыттар бойынша рейстер қайта жанданады, оның ішінде Нячанг және Дананг (Вьетнам), Батуми, Бодрум және Подгорица* (Черногория). Сонымен қатар Алматы – Мале (Мальдив аралдары) бағыты бойынша маусымдық әуе қатынасы мамыр айының соңына дейін ұзартылды.

FlyArystan лоукостері де маршруттық желіні белсенді түрде дамытып, рейстер жиілігін арттыруда.
Жыл басынан бастап әуе компания халықаралық бағыттардағы қатысуын күшейтуде, оның ішінде жазғы маусымдық маршруттар: Астана – Батуми рейстері аптасына үш рет, Алматы – Кутаиси рейстері аптасына екі рет орындалады.

FlyArystan Орталық Азия елдеріне маршруттық желіні кеңейтуде: 21 наурыздан бастап Алматы – Самарқанд рейстері қайта жанданды, 18 маусымнан бастап – Тамчыға (Ыстықкөл), ал 3 шілдеден бастап Астана – Тамчы (Ыстықкөл) жаңа бағыты іске қосылады.

1 сәуірден бастап Ақтаудан Бакуге маусымдық рейстер қайта жанданды, ал Түркияға ұшу бағдарламасы кеңейтілуде — Газипашаға (Алания) рейстер Алматыдан 13 мамырдан және Астанадан 11 мамырдан бастап орындалады.

2026 жылғы 1 наурыздан бастап FlyArystan тегін қол жүгінің нормасын 7 кг-ға дейін ұлғайтты, бұл жолаушылардың жайлылығын арттыруға және клиенттік тәжірибені жақсартуға бағытталған.

FlyArystan халықаралық маршруттық желіні жүйелі түрде дамытуды жалғастыруда, сұранысқа ие туристік және өңірлік бағыттарға басымдық бере отырып, көлік қолжетімділігін арттырып және жолаушыларға сапарларды жоспарлау кезінде көбірек икемділік ұсынады.

Air Astana компаниялар тобы әуе паркін заманауи әуе кемелерімен белсенді түрде жаңартуда, бұл маршруттық желіні одан әрі кеңейтуге ықпал етеді және жолаушылар үшін жоғары деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз етеді.

Биыл Алматыда өтетін халықаралық KITF туристік көрмесінде Air Astana және FlyArystan бірлескен стенді ұсынылады, онда келушілер жаңа бағыттар туралы біліп, сапарларын жоспарлау бойынша кеңес ала алады.

*Визасыз режим шарттарының ресми расталуы күтілуде.

  • -де жасалған