24-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

22-24 сәуір 2026

24-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

22-24 сәуір 2026

Turkish Airlines Орталық Азиядағы өңірлік қатысуын нығайтуды жалғастыруда

turkishairlines

1933 жылы небәрі бес ұшақтан тұратын әуе паркімен құрылған Star Alliance мүшесі — Turkish Airlines бүгінде әлемдегі жетекші жаһандық әуе тасымалдаушылардың біріне айналды. Қазіргі таңда авиакомпания 532 заманауи әуе кемесінен (жолаушылар және жүк) тұратын флотымен 133 елдегі 357 бағытқа (оның ішінде 304 халықаралық және 53 ішкі бағыт) ұшуларды жүзеге асырады және қамтитын елдер саны бойынша әлемде көш бастап келеді. 2026 жылы компания Чэнду, Үрімші, Либерия және Тимишоара бағыттарын қосу арқылы өзінің маршруттық желісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Еуропа мен Азияның тоғысқан нүктесі — Стамбул қаласында орналасқан Turkish Airlines өзінің тиімді географиялық орналасуының арқасында әлем бойынша ыңғайлы әуе байланысын қамтамасыз етіп, жыл сайын миллиондаған жолаушыға тиімді трансфер мүмкіндіктерін ұсынады.

Turkish Airlines жоғары деңгейдегі сервистік сапасы, борттағы қонақжайлығы және премиум деңгейдегі саяхат тәжірибесі үшін кеңінен танымал. 2025 жылы қайтадан «Еуропаның үздік әуе компаниясы» атағын иеленуі оның тұрақты жоғары сапасын дәлелдейді. Авиация саласындағы беделді халықаралық марапаттар — APEX және Skytrax сыйлықтары Turkish Airlines-тің жаһандық деңгейдегі орнын тағы да айқындай түседі. 2026 жылы авиакомпания бірнеше номинация бойынша марапаттарға ие болды, соның ішінде APEX World Class Airline, Best in Class Sustainability және Best in Class Food & Beverage. Бұл жетістіктер бір реттік нәтиже емес, компанияның қызмет сапасын үнемі арттыруға және жолаушылар тәжірибесін жетілдіруге бағытталған тұрақты ұмтылысының көрінісі болып табылады.

Turkish Airlines Орталық Азияда, атап айтқанда Қазақстандағы қызмет ауқымын кеңейту арқылы өңірдегі өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Әуе компаниясы Алматы, Астана және Түркістан қалаларын өзінің ауқымды жаһандық маршруттық желісімен байланыстырады. 2026 жылғы 20 сәуірден бастап Стамбул әуежайы (IST) мен Алматы халықаралық әуежайы (ALA) арасындағы апталық рейстер саны 14-тен 18-ге дейін артады. Дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері рейстер жиілігі күніне үш ретке дейін көбейеді. Бұл өзгерістер өңір мен әлемнің басқа бөліктері арасындағы байланыстарды нығайтып, іскерлік, туризм және мәдени алмасудың дамуына ықпал етеді.

Осы бастамалар аясында Turkish Airlines өңірдегі жетекші туристік көрмелердің бірі — KITF 2026 көрмесіне қатысады. Компания өз стентінде рейстер туралы толық ақпарат ұсынып, сала өкілдерімен жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылайды.

Ғасырға жуық авиациялық тәжірибені инновациялармен, кең жаһандық желімен және жоғары сервистік стандарттармен үйлестіре отырып, Turkish Airlines әлемді байланыстыратын жетекші әуе компаниясы ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда.

Turkish Airlines туралы толық ақпаратты ресми www.turkishairlines.com  сайтынан немесе Facebook, X, YouTube, LinkedIn және Instagram әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан табуға болады.

  • -де жасалған