Air Astana әуе компаниясы жаңа бағыттар ашады: Үндістан, Вьетнам, Қытай және Грузия
Air Astana халықаралық бағыттар желісін кеңейтіп, жолаушыларға саяхаттау мүмкіндіктерін арттыруда. Осы көктемде әуе компаниясы Азия мен Еуропаның бірнеше жаңа қаласына тікелей рейстер ашады.
Вьетнам: Дананг және Нячанг
14 мамырдан бастап Астанадан Дананг қаласына тікелей рейстер сәрсенбі және жексенбі күндері орындалады. 4 маусымнан бастап Алматы қаласынан да рейстер қосылады – сәрсенбі және сенбі күндері.
Сондай-ақ, наурыз айының соңынан бастап Вьетнамның Нячанг қаласына жаңа рейстер ашылды.
24 наурыздан бастап Алматыдан аптасына төрт рет, ал 25 наурыздан бастап Астанадан аптасына үш рет ұшады.
Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күнге дейін бола алады.
Үндістан: Мумбай
20 сәуірден бастап Air Astana Алматыдан Мумбайға тікелей рейстер ашады. Ұшақтар сәрсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері аптасына үш рет қатынайды.
Қытай: Гуанчжоу
30 наурызда Алматыдан Гуанчжоуға тікелей рейстер басталды. Бұл бағыт Airbus A321Neo LR ұшағымен орындалады.
Қазақстан азаматтарына Қытайға визасыз баруға болады.
Грузия: Тбилиси
27 мамырдан бастап Air Astana Атыраудан Тбилисиге тікелей рейстерді бастайды. Ұшақтар сейсенбі, жұма және жексенбі күндері аптасына үш рет ұшады.
Компания бұған дейін де Алматы мен Астанадан Грузия астанасына тұрақты рейстер орындап келген.
Қазақстан азаматтары Грузияда визасыз бір жылға дейін бола алады.
Барлық рейстер заманауи әрі жайлы Boeing және Airbus ұшақтарымен орындалады. Air Astana-ның жаңа бағыттары жолаушылар үшін саяхат пен іскерлік сапарларға қосымша мүмкіндіктер ашады.
Air Astana – халықаралық KITF туристік көрмесінің тұрақты қатысушысы. Биыл да компания Алматыдағы көрмеде өз стендін ұсынады, онда жаңа бағыттар туралы толығырақ ақпарат алып, қызықтырған сұрақтарыңызды қоюға болады.
- -де жасалған