24-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

22-24 сәуір 2026

24-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

22-24 сәуір 2026

Ұлы Жібек жолы бойымен алғашқы туристік пойыз – «Керуен Экспресс» жолға шықты

2025 жылғы 21 наурыз, Алматы, Қазақстан – KOMPAS Touroperator халықаралық туристік компаниясы «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ және SkyWay туроператорының серіктестігімен бірге Ұлы Жібек жолының Қазақстан мен Өзбекстандағы маңызды қалаларын байланыстыратын алғашқы әрі әзірге жалғыз туристік пойыз – «Керуен Экспресс» жобасының іске қосылғанын жариялады. Алғашқы сапар 2025 жылғы 21 наурызда Наурыз мерекесіне орай басталды.

Kerouene Express1

«Бұл жоба – бүкіл аймақтың туристік саласы үшін маңызды оқиға. Біз жай пойыз емес, тарихи-мәдени маршрутты іске қостық. Ол саяхатшыларға көне сәулет ескерткіштерін көріп, Ұлы Жібек жолының атмосферасына енуге мүмкіндік береді. Алғашқы 120 турист 21–25 наурыз аралығында төрт жайлы вагонмен Алматыдан Самарқандқа барып, қайта оралды», – деп атап өтті жобаның авторы, KOMPAS Touroperator негізін қалаушы әрі иесі Анна Загоруйко.

Керуен Экспресс Алматы, Түркістан, Самарқанд және Ташкент қалаларын біріктіретін толық ұйымдастырылған турды ұсынады. Турға экскурсиялар мен Самарқанд қаласындағы қонақүйде тұру кіреді. Ұйымдастырушылар жаңа купе вагондардың ұлттық нақыштағы дизайнын және қазақ-өзбек асханасынан дәм татуға болатын мейрамхананы ерекше атап өтті.

«Ішкі туризмді дамыту жайлы он шақты жылдан бері айтылып келеді, бірақ нақты әрекет болмады. Ал Жібек жолы бағытымен пойыз ашу – бұл керемет бастама, нақты қадам! Бұл жоба тек туристік ағынды арттырып қоймай, туыс елдердің бауырластығын да нығайтады», – дейді алғашқы сапардың жолаушысы, Астанадан келген Нұрсұлтан Қамзебаев.

KOMPAS Touroperator әзірлеген тур стандартты маршрут емес. Тарихи орындарды аралаумен қатар, мәдени іс-шаралар мен гастрономиялық ашылымдар да қамтылған. Бір ересек адам үшін тур бағасы – 210 000 теңге. 3 жасқа дейінгі балаларға (бөлек орынсыз) қатысу тегін.

Келесі тур күндері:
7–11 мамыр,
4–8 маусым,
4–8 шілде,
28 тамыз – 1 қыркүйек,
1–5 қазан,
25–29 қараша 2025 ж.

KOMPAS Touroperator туралы:
KOMPAS Touroperator – Орталық Азиядағы ішкі туризмді және шетел бағыттарын дамытумен айналысатын, Қазақстанда орналасқан халықаралық туристік компания. Компания 10 елде жұмыс істейді және сыртқы немесе шетелдік капиталға тәуелді емес.
Халықаралық және мемлекеттік марапаттардың иегері.

Брондау: +7 (701) 750-40-00 | 🌍 kompastour.com
БАҚ үшін байланыс: +7 776 736 49 69 – Диляра Даулет

  • -де жасалған