25-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

21-23 сәуір 2027

25-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

21-23 сәуір 2027

KITF 2026 ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ: КӨРМЕ 24 ЕЛДЕН 414 КОМПАНИЯНЫ ЖӘНЕ ТУРИСТІК ИНДУСТРИЯНЫҢ 5 000-НАН АСТАМ КӘСІБИ МАМАНДАРЫН БІРІКТІРДІ

2026 ЖЫЛҒЫ 22–24 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 24-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» — KITF 2026 КӨРМЕСІ ӨТТІ.

Бұл — туристік саланың негізгі іс-шараларының бірі, жыл сайын бір алаңда бизнес, мемлекеттік құрылымдар және халықаралық кәсіби қауымдастық өкілдерін біріктіреді. Көрме жұмысының үш күні ішінде экспозицияны әлемнің 42 елінен келген 5 295 келуші тамашалады. Олар серіктестік байланыстарды орнату үшін алаңның жоғары әлеуетін атап өтті: «Көрме жаңа бағыттарды табуға, серіктестермен тікелей байланыс орнатуға және кәсіби байланыстарды кеңейтуге тамаша мүмкіндік береді. Бұл шынымен де даму мен тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаң», — деп өз пікірімен Sunshine Travel директоры Аяулым Өтепберген бөлісті.

Биыл көрме өзінің жоғары халықаралық мәртебесін тағы да растады: оған 24 елден 414 компания қатысты, атап айтқанда: Әзірбайжан, Беларусь, Вьетнам, Грузия, Египет, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Кипр, Қытай, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей Федерациясы, Румыния, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Черногория, Шри-Ланка, Корея және Жапония. Айта кетерлігі, экспоненттердің 80%-дан астамын шетелдік компаниялар құрады — бұл көрсеткіш өңірге және оның туристік әлеуетіне деген тұрақты қызығушылықты айқын көрсетеді. Көрме қатысушылары іскерлік белсенділіктің жоғары деңгейін және кездесулердің нәтижелілігін де атап өтті: «Қазіргі таңда көрмеден алған әсеріміз біздің тараптан барлық қатысушылар үшін өте жағымды. Бізде сала өкілдерімен, соның ішінде әуе компанияларымен, әсіресе маршруттық желіні дамыту контекстінде, көптеген кездесулер өткізу мүмкіндігі бар», — деді Анталия әуежайының CIP менеджері Ихсан Берктас.

Көрме кеңістігінің едәуір бөлігін 16 ұлттық павильон құрады: БАӘ (Абу-Даби), Әзірбайжан, Грузия (Аджария өңірі), Гоа, Египет, Қазақстан, Кипр, Қытай, Малайзия, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Таиланд, Түркия (Трабзон) және Оңтүстік Корея, соның ішінде Сеул мен Кёнгидо провинциясының жеке стендтері дербес дестинациялар ретінде ұсынылды. Олар дәстүрлі түрде кәсіби аудиторияның назарын аударатын орталық болып қала береді. Халықаралық экспозициямен қатар, ішкі туризмге де ерекше көңіл бөлінді. Біртұтас Қазақстан ұлттық тобы аясында Алматы қаласының, Абай, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Атырау және Қызылорда облыстарының, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау өңірлерінің туристік әлеуетін таныстыратын 10 өңірлік стенд ұсынылды.

Бағыттар географиясының кеңеюі де ерекше назар аударуға тұрарлық. KITF 2026 көрмесінде алғаш рет Кипр, Моңғолия, Наньшань мәдени туристік аймағы (ҚХР), Гоа штаты, Шри-Ланка және Абу-Даби эмираты ұсынылды. Сонымен қатар көрмеде бірқатар компаниялар мен ұйымдар дебют жасады, олардың қатарында Online Express, Vietra Tour, Анталия әуежайы, Трабзон өңірі, Seoul Tourism Organisation, I’WAY, Zendia Japan, Turkish Airlines, Xiaomi, Sinoasia B&R (SABR), Банк ЦентрКредит, EMGS (Education Malaysia Global Services), One Day Mongolia, Pan Global бар. Бұл экспозицияға қосымша серпін мен әртүрлілік берді.

Биыл ұйымдастырушылар көрмені мазмұнмен толықтыру үшін жаңа идеялар мен ерекшеліктерді іске асырды. Алғаш рет KITF PODCAST ZONE алаңы іске қосылды, онда коммуникациялар жөніндегі сарапшы Виктор Елисеевтің қатысуымен көрме барысында өзекті салалық тақырыптар тікелей эфир форматында талқыланды. Сонымен қатар, KITF Community Stage атты арнайы алаң да іскерлік бағдарламаға ерекше серпін берді, ол тревел-блогерлерді, журналистерді, номадтарды және дербес саяхат мәдениетін дамытатын барлық қатысушыларды біріктірді.

«Бүгінгі туризм — ертеңгі шешімдер» тақырыбымен өткен KITF Travel Forum 2026 іскерлік бағдарламасы көрменің маңызды әрі басты бөлігіне айналды. Көрме ресми ашылу салтанатымен басталып, оған мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысты. Өзінің құттықтау сөзінде Гоа штатының туризм министрі Рохан Каунте: «Біздің мақсатымыз — Қазақстаннан келетін туристерге өңір ұсынатын әсерлердің толық спектрін көрсету. Бүгінде Қазақстан мен Үндістан арасында Air Astana арқылы Мумбай мен Делиге тікелей рейстер және Гоаға қосымша қатынастар жақсы жолға қойылған. Сонымен қатар біз FlyArystan және SCAT Airlines авиакомпанияларымен бірге Алматы мен Астанадан Гоаға чартерлік рейстерді іске қосу бойынша белсенді келіссөздер жүргізіп жатырмыз», — деп атап өтті. Гоаның KITF 2026 көрмесіне қатысуы Орталық Азия нарықтарындағы стратегиялық кеңеюдің бір бөлігі болды. Сонымен қатар, іскерлік байланыстарды дамыту және ұлттық компанияларын қолдау мақсатында көрмені Әзірбайжан, Египет, Үндістан, Кипр, Қытай, Куба, Малайзия, Ресей, Таиланд, Түркия, Өзбекстан және Оңтүстік Корея елдерінің дипломатиялық миссиялары мен халықаралық іскерлік қауымдастықтарының басшылары да тамашалады.

22 сәуірде, алғашқы күні-ақ, қатысушылар саланың негізгі сын-қатерлерін талқылады: геосаяси тәуекелдерден бастап туристік өнімдердің трансформациясына дейін. Бағдарлама аясында «Геосаяси тәуекелдер жағдайындағы туризм: дәл қазір не істеу керек» атты антикризистік кейс-сессия, «Салықтар. Қаржы. Жаңа өміршеңдік» cараптамалық баяндамасы, «Маусым бағыттары: чартерлер, жаңа бағыттар және 2026 жылғы турпакет экономикасы» панельдік сессиясы, «Авиациялық стратегия 2026: қысқа қашықтық, жаңа нарықтар және жыл бойғы Азия» авиациялық сессиясы, сондай-ақ «Қазақстандық туристке арналған әлем картасы» атты VISION TALK өтті.

23 сәуірдегі екінші күн бағдарламасы туристердің мінез-құлқындағы өзгерістер, сатудың жаңа модельдері және қауіпсіздік мәселелері туралы талқылауды жалғастырды. Ол күні «2026 жылғы қонақ: турист мінез-құлқы қалай өзгерді және туристік нысандар қонақтарды қалай тартып, ұстап қала алады» атты мастер-класс, «Ертең саяхатты кім сатады? Сатудың жаңа архитектурасы: турагент, ЖИ немесе маркетплейс?» сессиясы, «Қауіпсіздік және сенім 2026 жылы: сақтандыру, стандарттар, бедел. Туризмдегі дағдарыс-менеджмент: турист пен бизнесті қалай қорғау керек» панельдік сессиясы, «Медициналық туризм қиындықсыз: туроператорлар үшін емдеу мен сауықтыруды табысты пакетке айналдыру жолдары» сессиясы, «Кіріс туризмнің үлкен трансформациясы: маршруттар, нарық, қонақжайлылық, іс-шаралар» салалық сессиясы және «Белгісіздік жағдайындағы маркетинг» мастер-классы өтті.

Үш күннің қорытындысы бойынша KITF 2026 тағы да жаңа серіктестіктер қалыптасатын, негізгі трендтер талқыланатын және туристік саланың әрі қарай дамуына бағыт-бағдар берілетін тиімді кәсіби алаң екенін дәлелдеді — Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де. Ұйымдастырудың жоғары деңгейі мен мазмұнды бағдарлама келушілерді келесі жылы да келуге ынталандырады: «Көрме таныс адамдарды кездестіруге, әртүрлі өңірлердегі әріптестермен сөйлесуге және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Келесі жылы міндетті түрде қайта қатысамын», — деді Экстремалды Атлетика өкілі Владислав Степанов.

Форум серіктесі — Trend Buro

Ресми серіктестер — Visit Almaty, Kompas Touroperator

Ресми қолдау көрсеткендер: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі,

Алматы қаласының әкімдігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ.

Көрмені ұйымдастырушы — Қазақстандық Iteca көрме компаниясы, халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобымен бірлесіп.