ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ 96%-Ы ҚАЙТА КЕЛУДІ ЖОСПАРЛАП ОТЫР, АЛ 65%-ДАН АСТАМЫ KITF 2026 КӨРМЕСІНЕ ӨТІНІМ БЕРІП ҮЛГЕРДІ
2026 ЖЫЛДЫҢ 22–24 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІК АСТАНАСЫНДА «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ 24-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕ — KITF 2026 ӨТЕДІ.
Экспо-шара қазірдің өзінде ерте брондаудың қарқынды өсімін көрсетуде. KITF 2025 қатысушылары арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, компаниялардың 96%-ы келесі жылы да қатысу ниетін білдірсе, 65,72%-ы 2026 жылғы көрмеге қатысуға ресми түрде өтінім берді.
Ерте брондаудың жоғары пайызы KITF көрмесінің халықаралық туризм индустриясы мамандары үшін маңызды әрі сенімді іскерлік алаң екенін дәлелдейді. Көрме жыл сайын өңірде туризмді дамыту мен іскерлік байланыстар орнатуға арналған тиімді платформа ретінде өз беделін нығайта түсуде.
Бүгінгі таңда KITF 2026 көрмесіне қатысуын растаған ірі туристік нарық өкілдерінің қатарында келесі ұлттық павильондар бар: Түркия, Өзбекстан, Таиланд, Әзербайжан, Румыния, Грузия; өңірлік стендтер: Санкт-Петербург, Алтай өлкесі және Анталия. Сонымен қатар, қатысушылар қатарында қазақстандық және халықаралық туроператорлар бар: KOMPAS Touroperator, Kazunion Touroperator by Rustar, Crystal Bay Kazakhstan, Fun & Sun, Satguru Travel; туристік бизнеске арналған цифрлық сервистер: Онлайн-Экспресс, Сирена Трэвел, Мой Агент Казахстан, Mega Travel Market. Қатысушылар арасында Pekin Palace Astana және Sairam Thermal Resort қонақүйлері мен курорттары, әуе компаниялар мен салалық серіктестер: Air Astana, Home Credit Bank және GTO KZ бар.
KITF ұйымдастырушылары қатысушылардың ерте белсенділігі көрменің жоғары іскерлік нәтижелер беретінін және туризм саласында бетпе-бет қарым-қатынастың маңызды екенін көрсететінін атап өтуде. 2026 жылы көрме қонақтары мен қатысушыларын кеңейтілген экспозиция, мазмұнды іскерлік бағдарлама және туризмнің жаңа бағыттары күтеді.
Көрменің ұйымдастырушысы — ITECA қазақстандық көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі — ICA Events компаниялар тобы.