ТУРИЗМ БОЛАШАҒЫ БІР АЛАҢДА: KITF 2025 – ЖАҢА ТРЕНДТЕРДІҢ БАСТАУЫ
2025 ЖЫЛДЫҢ 23–25 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АТАКЕНТ» ҚІЫО КӨРМЕ ПАВИЛЬОНДАРЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ТУРИСТІК САЛАСЫНДАҒЫ КӨПТЕН КҮТКЕН ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІС-ШАРА – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» KITF 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Биылғы көрмеге 31 елден 531 компания қатысады. Әзербайжан, Болгария, Ұлыбритания, Венгрия, Вьетнам, Грекия, Грузия, Мысыр, Үндістан, Италия, Қазақстан, Катар, Қытай, Куба, Қырғызстан, Латвия, Малайзия, Мальдив аралдары, БАӘ, Ресей, Румыния, Словакия, Словения, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея және Жапония елдерінен қатысушылар туризмнің жаңа бағыттарын, медициналық туризмді, саяхатқа арналған цифрлық технологияларды және басқа да көптеген туристік қызмет түрлерін ұсынады.
Көрменің басты ерекшеліктерінің бірі – Қазақстан өңірлерінің белсенді қатысуы болмақ. Экспозиция аясында еліміздің 14 өңірі өздерінің туристік әлеуетін таныстыратын стендтерді ұсынады. Өздерінің бірегей туристік ұсыныстарын келесі өңірлер ұсынады: Алматы, Ақмола облысы, Алматы облысы, Атырау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Жетісу облысы, Павлодар облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Түркістан облысы және Ұлытау облысы.
Көрме жұмысының барлық үш күнінде ауқымды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылады. KITF Travel Forum 2025 форумының контент тақырыбы – TREND ZONE: BEYOND TRAVEL. Бағдарлама аясында стратегиялық сессиялар, панельдік пікірталастар және арнайы воркшоптар өтеді. 23 сәуірде бес тақырыптық сессия өткізіледі. Олардың қатарында: «Next-gen travel: стратегиялар және индустрия трансформациясы», «Жаңа бағыттар: Азиядағы бум, combi-tours, цифрлық визалар мен қағазсыз шекаралар», «Авиация 2025+: жаңа бағыттар, аспандағы бәсекелестік және жолаушылар үшін жарыс», «Дербестендіру және технологиялар: big data, ЖИ-ден болжамды туризмге дейін», «AMBASSADOR TRAVEL: Блогерлер индустриядағы басты ойыншыларға қалай айналады?».
24 сәуірде іскерлік бағдарламаны медициналық туризм бойынша тақырыбы: «Медициналық туризм экожүйесі: Медицина, қонақжайлылық және логистиканы қалай біріктіруге болады? Емдеу, сервис пен деректер арасындағы шекара қайда өтеді?» атты пленарлық сессия ашады. Одан кейін «Жаңа дәуірдің гид-экскурсоводы: ішкі және келу туризмінің дамуы жолындағы дәстүрлер, сын-қатерлер және инновациялар» атты сессия өтеді. Luxury-туризм саласының сарапшылары «Қалай қымбат сатуға болады: премиум туризм, luxury жаппай тұтынуға айналмауы үшін» атты мастер-класс өткізеді. Сондай-ақ алғаш рет сараптамалық қызу талқы өтеді, онда ашық диалог форматында аудиториядан алынған 3 нақты travel-кейс қарастырылады. Іскерлік бағдарламаның қорытындысы ретінде «Ертең не істеу керек? Өсу үшін дағдарысқа қарсы және вирусқа қарсы стратегиялар» тақырыбындағы қорытынды пікірталас ұйымдастырылады. Оған саланың ТОП-сарапшылары, стратегтері мен digital-футурологтары қатысады.
25 сәуірде ішкі туризм тақырыбы қызу талқыға түседі. Сала мамандары мен Қазақстан Республикасы өңірлерінің Туризм басқармаларының өкілдері ішкі және кірме туризм бойынша мастер-класстар мен презентациялар өткізеді. Сондай-ақ, студенттер арасындағы «МЕН ТУРИЗМДІ ТАҢДАЙМЫН!» атты бизнес-жобалар байқауының финалы өтеді.
Көрменің ресми серіктестері – Kompas Touroperator және Грузияның Ұлттық туризм әкімшілігі.
Іскерлік бағдарламаның серіктестері – Trand Buro компаниясы мен Success Travel Academy.
Іс-шараны ресми түрде қолдаушылар: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ, және «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.