24-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

22-24 сәуір 2026

24-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

22-24 сәуір 2026

ӨЗГЕРІСТЕР ДӘУІРІНДЕГІ ТУРИЗМ — KITF 2025 КӨРМЕСІНДЕ ӨСУ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ЖАҺАНДЫҚ ӘРІПТЕСТІК МҮМКІНДІКТЕРІ

2025 ЖЫЛДЫҢ 23–25 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ІС-ШАРАЛАРДЫҢ БІРІ — ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» – KITF 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

 Бұл шара тағы да туристік сала мамандарын жемісті диалог жүргізу, елдер мен өңірлердің туристік әлеуетін таныстыру, жаңа бағыттар мен қонақүйлік тұжырымдамаларды ұсыну және мемлекетаралық әріптестікті дамыту үшін бір алаңға жинамақ.   

Дүниежүзілік туристік ұйымның (UNWTO) мәліметіне сәйкес, 2024 жылы халықаралық туризм пандемияға дейінгі деңгейге жуықтаған. Ал 2025 жылы халықаралық туристер ағынының 3–5% өсімі күтілуде. Бұл деректер, тұрақты туризмге қызығушылықтың артуы, жаңа бағыттардың дамуы және туристік қызметтердің цифрлануы жағдайында, KITF көрмесінің өзектілігін одан әрі арттырады.

Бүгінгі таңда 26 елден 400-ден астам компания өз қатысуын растады. Қатысушылар қатарында Әзербайжан, Вьетнам, Грекия, Грузия, Египет, Үндістан, Италия, Қазақстан, Катар, Қытай, Куба, Қырғыз Республикасы, Малайзия, Мальдив, БАӘ, Ресей, Румыния, Словения, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея және Жапония сияқты елдердің туристік индустриясының ірі өкілдері бар. Бұл кең географиялық қамту Қазақстан нарығы мен Орталық Азиядағы туризм бағытына деген халықаралық қызығушылықтың жоғары деңгейін көрсетеді.

Көрме күндері іс-шараны 5000-нан астам туристік сала маманы тамашалайды деп күтілуде. Олардың қатарында туристік және авиаагенттіктердің, туроператорлардың өкілдері, тревел-блогерлер мен тревел-сарапшылар, MICE-индустриясының мамандары, қонақүй иелері, көлік компаниялары мен цифрлық сервистер саласының кәсіби өкілдері болады.

Экспо-шараның басты ерекшеліктерінің бірі – Қазақстан өңірлерінің белсенді қатысуы болмақ. Көрме аясында елдің туристік әлеуетін таныстыратын республиканың 14 өңірінің стендтері ұсынылады. Өзінің бірегей туристік ұсыныстарын келесі өңірлер ұсынады: Ақмола облысы, Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Түркістан облысы, Солтүстік Қазақстан облысы, Атырау облысы, Павлодар облысы, Маңғыстау облысы, Ұлытау облысы, Zhetysu Travel, Алматы облысы және Жамбыл облысы.  Әр өңірдің туристік маршруттары, жаңа бағыттары, мәдени ерекшеліктері мен табиғи көрікті жерлері арқылы көрме қонақтары Қазақстанның ішкі туризмінің алуан түрлілігі мен бірегейлігімен жақын танысуға мүмкіндік алады.

Көрменің қатысушылары мен қонақтары экспозициямен танысып қана қоймай, сонымен қатар мазмұнды іскерлік бағдарламаға қатыса алады. Бағдарламаның басты бөлімі — KITF Travel Forum, биылғы тақырыбы: TREND ZONE: BEYOND TRAVEL. Форум аясында стратегиялық сессиялар, панельдік пікірталастар және мамандандырылған воркшоптар ұйымдастырылады. Көрменің бірінші күні — 23 сәуірде назар жаһандық өзгерістерге, бизнестің бейімделуіне, жаңа технологияларға және туризмдегі негізгі трендтерге аударылады. Іскерлік бағдарлама аясында экспозиция бойынша шолу туры мен Орталық және Шығыс Азия елдерінің Туризм министрліктерінің «Цифрлық технологиялар мен халықаралық интеграция дәуіріндегі туризмді мемлекеттік қолдау» атты стратегиялық пленарлық отырысы өтеді. Отырысқа Шығыс және Орталық Азия (Қытай, Тайланд, Вьетнам, Малайзия, Оңтүстік Корея) елдеріндегі туризм саласына жетекшілік ететін министрліктердің өкілдері мен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі қатысады. Талқылауда туризмді ілгерілетуге арналған бюджеттік стратегиялар, төлем төлеуге қабілетті туристерді тарту, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау, сондай-ақ туристік кластерлердің инфрақұрылымдық даму мәселелері қарастырылады. Күн барысында спикерлер өзекті мәселелерді талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісетін 5 тақырыптық сессия өтеді. Сессия тақырыптары: «Next-gen travel: стратегиялар және индустрия трансформациясы», «Жаңа бағыттар: Азиядағы бум, combi-tours, цифрлық визалар мен қағазсыз шекаралар», «Авиация 2025+: жаңа бағыттар, аспандағы бәсекелестік және жолаушылар үшін жарыс», «Дербестендіру және технологиялар: big data, ЖИ-ден болжамды туризмге дейін», «AMBASSADOR TRAVEL: Блогерлер индустриядағы басты ойыншыларға қалай айналады?».  

Көрменің екінші күні, 24 сәуірде, бағдарлама сараптамалық тәжірибеге, сәтті кейстерге және өзекті стратегияларға арналмақ. Іскерлік бағдарлама аясында «Медициналық туризм экожүйесі: медицинаны, қонақжайлылықты және логистиканы қалай біріктіруге болады?» атты Панельдік сессия және «Жаңа дәуірдің гид-экскурсоводы: ішкі және келу туризмінің дамуы жолындағы дәстүрлер, сын-қатерлер және инновациялар» сессиясы өтеді. Luxury-туризм саласының сарапшылары, luxury-брендтердің маркетологтары, элиталық қонақүй желілерінің өкілдері өз тәжірибелерімен «Қалай қымбат сатуға болады: премиум туризм және ерекше тәжірибелер» атты мастер-класста бөліседі. Кофе-рейв кезінде қатысушылар мен келушілер бейресми ортада сарапшылармен байланыс орнатып, саланың негізгі мәселелерін талқылай алады. Сарапшылар аудиториядан алынған 3 нақты travel-кейсті талдап, оларды вирустық және коммерциялық табысты ету жолдарын көрсететін «Нақты уақытта контентті талдау» тақырыбында Қызу талқы өтеді. Сондай-ақ, «Туризм бизнесіне арналған маркетплейс және IT шешімдер: автоматтандыр да, табыс тап» атты Презентация өтеді. Іскерлік бағдарламаның соңында саланың ТОП сарапшылары, стратегтері және digital-футурологтары қатысатын «Ертең не істеу керек? Өсу үшін дағдарысқа қарсы және вирусқа қарсы стратегиялар» тақырыбында Қорытынды пікірталас өтеді.

Көрменің соңғы күні – 25 сәуірде – күн тәртібінде ішкі туризм мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасының аймақтық Туризм басқармаларының мамандары мен өкілдері ішкі және кірмелік туризмге арналған «Ішкі туристік өнімді қалай бәсекеге қабілетті етуге болады?» тақырыбында Мастер-класстар мен презентациялар өткізеді. Сонымен қатар, Қазақстандық «ITECA» көрме компаниясының негізін қалаушысы және алғашқы басшысы Эдвард Стронның (Edward Strachan) 60 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шара аясында «МЕН ТУРИЗМДІ ТАҢДАЙМЫН!» атты бизнес-жобалар байқауы өтеді. 

KITF — бұл іс-шаралардың эпицентрінде болуға, білім алмасуға, іскерлік мүмкіндіктерді кеңейтуге және жаһандық туристік индустрияның болашағын бірге қалыптастыруға мүмкіндік. Бұл тек мамандардың бас қосатын орны ғана емес, сонымен қатар саланың даму бағытын айқындайтын стратегиялық платформа.

Көрменің ресми серіктестері – Kompas туроператоры және Грузияның Ұлттық туризм әкімшілігі. 

Іскерлік бағдарламаның серіктестері – Trand Buro компаниясы және Success Travel Academy.

Шараға ресми қолдау көрсетушілер – Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ, Kompas компаниясы және «Қазақстанның туристік қауымдастығы» ЗТБ.

Іс-шараны ұйымдастырушы: Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.

Қосымша ақпаратты және қатысушылар тізімін www.kitf.kz сайтынан табуға болады.

Көрмеге тегін билетті www.kitf.kz сайтындағы алдын ала онлайн тіркеу арқылы KITF2025GG промокодын пайдаланып алуға болады.