23-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

23-25 сәуір 2025

23-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

23-25 сәуір 2025

KITF 2024 КӨРМЕСІ 22 ЖЫЛ ІШІНДЕ КЕЛУШІЛЕРДІҢ РЕКОРДТЫҚ САНЫН КӨРСЕТТІ.

АЛМАТЫДА ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢ ӘСЕРЛІ ЖӘНЕ ЖАРҚЫН БИЗНЕС-ШАРАЛАРДЫҢ БІРІ – 22-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» - KITF 2024 КӨРМЕСІ АЯҚТАЛДЫ. 24-26 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА «АТАКЕНТ» КӨРМЕ ОРТАЛЫҒЫНДА 28 ЕЛДЕН 406 КОМПАНИЯ ӨЗ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН БІРЕГЕЙ ТУРИСТІК БАҒЫТТАРЫН  ТАНЫСТЫРДЫ.

KITF жыл сайын дамып келеді және туризм индустриясында кең тәжірибе, идеялар мен инновациялармен алмасу платформасын құра отырып, әлемнің әртүрлі елдерінен қатысушылар мен келушілерді жинайтын ауқымды іс-шара. 2024 жылғы экспоненттер арасында шетелдік компаниялардың 89% қатысты, бұл халықаралық алаңдағы экспо-шараның маңыздылығын растайды. Әзірбайжан, Беларусь, Вьетнам, Грузия, Греция, Египет, Италия, Үндістан, Қазақстан, Катар, Қытай, Қырғызстан, Куба, Малайзия, Мальдив, БАӘ, Ресей, Румыния, Словения, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Хорватия, Черногория, Чехия, Шри-Ланка, Оңтүстік Корея, Жапония компаниялары келушілер мен серіктестерге өнімдердің кең спектрін ұсынды. Әзірбайжан, Беларусь, Вьетнам, Грузия, Қазақстан, Қытай, Куба, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Хорватия, Оңтүстік Корея, Жапония сияқты 16 ел ұлттық топтар мен аймақтық стендтермен таныстырылды.

Kitf24 09

           

Көрмеге қатысушы компаниялар санының жалпы өсімі өткен жылмен салыстырғанда 56% құрады. Бұл факт бизнесті ілгерілету, тәжірибе алмасу және жаңа серіктестіктер орнату платформасы ретінде көрменің маңыздылығы мен тартымдылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Қазақстанның туристік қоғамдастығына жаңа бағыттар ұсынылды - Камчатка өлкесі, Алтай Республикасы (РФ), Румыния, Фукуок (Вьетнам). Дебютант компаниялардың кең өкілдігі бизнестің өсуінің жаңа көкжиектерін ашуға және өз өнімдеріне деген жоғары қызығушылықты көрсетуге көрменің тиімділігін көрсетті.

- Біз бұл көрмеге алғаш рет қатысып отырмыз және біздің өнімге деген үлкен сұранысты байқадық. Біз көрмеге қатысқанымызға өте қуаныштымыз, өйткені біздің стендімізге Солтүстік полюске, Арктикаға және Антарктидаға барғысы келетін көптеген адамдар қызығушылығын танытқанын байқаймыз және бұл оларды шабыттандыратынын көргенімізге өте қуаныштымыз. Менің ойымша, бұл жерде біз үшін үлкен мүмкіндіктер ашылуда және біз келесі жылы осы көрмеге қатысуды қарастырып жатырмыз, - деді Науменко Тамара, «Клуб полярных путешествий» компаниясының маркетинг жөніндегі директоры.

Көрме күндері келісімшарттарға қол қойылды, елдер арасындағы серіктестік туралы уағдаластықтар жасалды, сондай-ақ жаңа әуе бағыттарын ашу туралы шешім қабылданды. Қатысушылар жергілікті нарыққа қызығушылық танытып, келесі көрмеге қатысуға ниет білдірді.

- Біз Қазақстандағы KITF көрмесіне алғаш рет қатысып отырмыз. Біз қазақстандық туроператорлармен, сондай-ақ кейбір басқа елдермен көптеген келісімшарттарға қол қойдық. Бізге қазақстандық туристік агенттіктермен байланыс ұнағаны соншалық, бізде көптеген келісімшарттар бар, қазір біз Румыния мен Қазақстан арасында тікелей әуе қатынасын енгізуге тырысудамыз. Кеше мен қазақстандық авиакомпаниялардың бірі - Scat Airlines-пен өте маңызды кездесу өткіздім, комапния келесі айда Румынияға рейстер ашады. Біз 2025 жылы көрмеге қатысу туралы келісімге қол қойып, стендке тапсырыс бердік және оның орналасқан жерін таңдадық, өйткені біз үшін басқа елдермен байланыс өте қызықты, - деп «RESTO CONSTANTA»  компаниясының президенті Мартин Корина көрмеге қатысу туралы өз әсерімен бөлісті.

2024 жылы KITF көрмесінің тағы бір үлкен нәтижесі - келушілер санының өсуі. Көрме аудиториясы тек сала мамандарынан тұратынын ескерсек, турбизнеске деген қызығушылықтың күрт артқаны байқалады. Небәрі үш көрме күнінде 5 219 адам бірегей келуші болды. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі уақыт рекордтарын жаңартты. Көрменің арқасында келушілер туризм индустриясындағы соңғы үрдістер мен инновациялар курсына кірді, іскерлік бағдарлама іс-шараларына қатысып, сарапшылардан кеңестер мен ұсыныстар алды, сондай-ақ туристік компаниялар мен агенттіктердің өкілдерімен құнды байланыстар орнатты.

Kitf24 12

- Мен оныншы рет KITF көрмесіне келіп отырмын. Әр жолы жаңа компаниялар қатысады, биылғы жылы бұрынғыға қарағанда жаңа қатысушылар көп. Біз әрқашан көрмеде келісімдер жасаймыз, сол үшін бізге бұл өте құнды, - деп Долгушина Юлия, «Азия VIP Tour» ЖШС директорының орынбасары атап өтті. 

Көрменің барлық күндері іскерлік бағдарламаның іс-шараларына толы болды. «Алға, Қазақстан!: туризмді дамытуға арналған құралдар. Халықаралық туризм тәжірибесіндегі сәтті кейстер» атты Пленарлық сессия аясында, спикерлер диалог форматында қатысушы елдердің табысты тәжірибесін, туризмді қолдау жөніндегі ынтымақтастық пен мемлекеттік бағдарламаларды дамытуды талқылады. KITF Travel Forum алаңында саланың ең өзекті мәселелері бойынша 3 панельдік сессия өзекті тақырыптармен 17 сағаттық интерактивті пікірталастарды қамтамасыз етті, оларды мемлекеттік органдар өкілдері, блогерлер және сала сарапшылары қатарынан 74 спикер талқылауға көмектесті.

«Туризм және саяхат» KITF 2024 көрмесі Қазақстанның да, халықаралық бизнестің де туристік нарығының барлық қатысушылары үшін нағыз мереке және интерактивті хабқа айналды, қатысушылар мен келушілерге бір алаңда тәжірибе алмасуға, жаңа серіктестер табуға, туризм саласындағы жаңа үрдістер мен бағыттар туралы білуге құнды мүмкіндік берді.

Көрменің техникалық жетілдірілуі ITECA.EVENTS инновациялық мобильді қосымшасының іске қосылуы болды. Оның басты міндеті - көрмеге қатысуды да, оған баруды да барынша нәтижелі ету. Қосымшаның көмегімен қатысушылар потенциалды клиенттермен кездесулер ұйымдастырып, Bage QR кодтарын сканерлеу арқылы контактілерді жинай алды. Ал келушілердің қолында әрқашан көрмеде ұсынылған өнімдер мен қызметтердің тізімі, сондай-ақ іскерлік бағдарлама кестесі мен көрменің интерактивті жоспары бар қатысушылардың тізімі болды.

KITF 2024 ресми серіктесі – KOMPAS туроператоры. Көрменің іскерлік бағдарламасының серіктестері – PEGAS Touristik, Trend Buro.

Іс-шараға ҚР Туризм және мәдениет Министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Туристік Қамқор» корпоративтік қоры ресми қолдау көрсетті.

KITF көрменің ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.