23-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

23-25 сәуір 2025

23-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

23-25 сәуір 2025

KITF 2024 – БҰЛ ЖАЙ ҒАНА КӨРМЕ ЕМЕС, ӘЛЕМНІҢ 28 ЕЛІНЕН КЕЛГЕН ТУРИЗМНІҢ НАҒЫЗ МЕРЕКЕСІ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТУРИСТІК ӨНІМДЕРДІҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ.

24 СӘУІРДЕ «АТАКЕНТ» ҚІЫО-ДА ҚАЗАҚСТАНДА ӨТКІЗІЛЕТІН ЕҢ ІРІ САЛАЛЫҚ ЭКСПО-ШАРА – ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» - KITF 2024 КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ.

22 жыл ішінде KITF көрмесі Қазақстанда туризм индустриясын дамытудың флагманы бола отырып, Орталық Азия өңіріндегі ірі туристік көрмелер арасында басты орынға ие болды. Экспозиция екі көрме павильонын алды. KITF 2024 көрмесінде жаңа бағыттар мен туристік өнімдерді әлемнің 28 елінен 406 экспонент таныстырды, олардың он алтысы әр елдің ерекшілігін көрсететін үлкен ұлттық стендтермен ұсынылған: Әзірбайжан, Беларусь, Вьетнам, Грузия, Қазақстан, Қытай, Куба, Қырғызстан, Малайзия, Мальдив аралдары, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Хорватия, Оңтүстік Корея, Жапония.

Kitf24 18

Көрмелер жұмысын ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Н. Кәріпбаева, «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Садуақасов, «Iteca» көрме компаниясының директоры Б. Даниленко, сондай-ақ Қытай, Куба, Малайзия, Түркия, Өзбекстан елшіліктері мен бас консулдықтарының өкілдерінің қатысуымен таныстыру туры бастады.

Іскерлік бағдарлама «Алға, Қазақстан!: туризмді дамытуға арналған құралдар. Халықаралық туризм тәжірибесіндегі сәтті кейстер» атты Пленарлық сессиядан басталды, онда ашық диалог форматында спикерлер өз елдерінде туризмді дамыту туралы талқылап, туризм саласындағы сәтті кейстермен бөлісіп, іске асырылып жатқан жаңа жобалар туралы айтып кетті. Сессияға Қырғыз Республикасындағы туризмді дамытуды қолдау қорының президенті К.Тайчабаров, Аджар Автономиялық Республикасының Туризм және курорттар департаменті басқарма төрағасының орынбасары М. Коплатадзе (Грузия),  Әзірбайжан Туризм Бюросының ТМД және Азия елдерімен жұмыс жөніндегі секторының басшысы Ф.Ахундзаде және Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Н.Кәріпбаев қатысты. Сессия модераторы «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Қ.Садуақасов қатысушыларды Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан және «Жібек жолы» аймағының басқа да мемлекеттерінде туризмнің келу мен қарқынды дамуының айқын үрдісін ескере отырып, туристік саланың одан әрі бірге өсуіне нүкте табуға шақырды.

Kitf24 05

2024 жылғы экспозицияда халықаралық қатысушылардың өкілдігі 80%-дан асты, ал экспоненттер санының өсуі 50%-дан асты, бұл Қазақстанның туристік нарығына қызығушылықты көрсетеді. Ал статистикалық деректер Қазақстанның ішкі  және халықаралық туристері үшін тартымдылығын растайды. Н.Кәріпбаев сөз сөйлеуінде атап өткендей: «Ресми статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2023 жылдың қорытындысы бойынша орналастыру орындарымен қызмет көрсетілген ішкі туристер саны 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 647,5 мың адамға артып, 7 054,5 млн адамды құрады (2022 ж. – 6 407 млн). 2023 жылы елге 1 084,8 мың шетелдік турист келді және бұл 2022 жылдан 156,8 мың адамға көп».

Kitf24 11

Қатысушылар стендтерінде келушілерді өз елдерінің бірегей мәдени ерекшеліктерін көрсететін әр түрлі спектакльдермен таң қалдырды. Ұйымдастырылған шаралардың арасында жарқын фотоаймақтар, шай рәсімдері, мастер-класстар, әсерлі музыкалық қойылымдар және бағалы сыйлықтар ұтыс ойындары болды. Көрмеде алғаш рет жаңа бағыттар таныстырылды: Камчатка өлкесі, Алтай Республикасы (РФ), Румыния, Фукуок (Вьетнам).

Қазақстанның бірқатар аймақтарындағы су тасқынына байланысты төтенше жағдайды назарға ала отырып, ұйымдастырушылар көрменің ашылуын бейнелейтін дәстүрлі салтанатты рәсімнен бас тартты. Барлық назар алаңның білім беру компонентіне аударылды. Көрмеде үш күн бойы динамикалық «марафон» форматында семинар аймағы жұмыс істейді, оның тақырыбы «TREND ZONE: тартылыс нүктелері». KITF Travel Forum қатысушыларын 17 сағат бойы 55 спикер қатысатын өзекті тақырыптар бойынша қарқынды пікірталастар күтеді.

Kitf24 12

      

Айта кету керек, KITF көрмесі – тәжірибе алмасуға, серіктестік қатынастарды орнатуға және туристік өнімдерді жаңа нарықтарға жылжытуға арналған халықаралық платформа. Бұл іс-шараның Қазақстанда теңдесі жоқ, туристік сала мен тұтастай ел экономикасы ауқымында негізгі және стратегиялық маңызды болып саналады.

Биылғы жылдың жаңалығы ITECA.EVENTS мобильді қосымшасының іске қосылуы болды, оның негізгі міндеті келушілер мен қатысушылар арасында тамаша бизнес-коммуникациялар құру. Қосымшаны қолдана отырып, сіз әлеуетті клиенттермен кездесулер ұйымдастырып, көрмеге қатысушылардың тізімін және ұсынылған өнімдерді/қызметтерді көріп, ең өзекті ақпаратқа қол жеткізіп (навигация жоспары, іскерлік бағдарлама), өткізілген кездесулердің нәтижелері бойынша байланыс базасын жинап, толтырылған мәліметтер негізінде жасанды интеллект жасаған жеке ұсыныстарды көре аласыз. Бір сөзбен айтқанда, ITECA.EVENTS – бұл жеке құрылғыңыздың ішіндегі цифрлық форматтағы көрмелер.

KITF 2024 ресми серіктесі - KOMPAS туроператоры. Көрменің іскерлік бағдарламасының серіктестері - PEGAS Touristik, Trend Buro.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Туристік қамқор» корпоративтік қоры ресми қолдау көрсетті.  

KITF көрмесінің ұйымдастырушысы Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.    

Көрме тағы екі күн жалғасады, Алматыдағы туризм мерекесіне арналған іс-шараның сайтында алдын ала тіркелу бойынша туристік сала мамандарын күтеміз!

www.kitf.kz