«АЛҒА, ҚАЗАҚСТАН!» ЕЛАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ: ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ ЖЕТЕКШІ СТРАТЕГИЯЛАРЫ МЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУІ
2024 ЖЫЛҒЫ 24–26 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА «АТАКЕНТ» КӨРМЕ КЕШЕНІНІҢ ПАВИЛЬОНДАРЫНДА (АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ) KITF 2024 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
KITF – жыл сайын әртүрлі туристік бағыттарды ұсынатын 300-ден астам жетекші компаниялар мен ұлттық ведомстволарды жинайтын бүкіл Орталық Азия өңірінің туризм саласындағы басты оқиға бола тұра, әртүрлі елдердің туристік саласының мамандары арасында танымал болды. Тиімді салалық алаң бола отырып, 2024 жылғы көрме тиімді нетворкинг, тәжірибе алмасу, сондай-ақ әлемдік туристік индустрияның одан әрі дамуы мен өркендеуіне сөзсіз ықпал ететін жаңа іскерлік серіктестіктер орнату үшін алдынғы қатарлы жаңалықтар мен ең озық құралдарды ұсынатын болады.
2024 жылдың 24 сәуірінде KITF көрмесінің іскерлік бағдарламасы аясында ресми тұлғалардың – өз дестинацияларын ілгерілетудегі табысты елдердің өкілдерінің қатысуымен «Алға, Қазақстан!» Еларалық Дөңгелек үстелі өтетін болады.
Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің, Өзбекстан Республикасы Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігіне қарасты Туризм комитетінің, Грузияның Ұлттық туризм әкімшілігінің, Қырғыз Республикасында Туризмді дамытуды қолдау қорының, Әзірбайжан Республикасы Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттігінің өкілдері сөз сөйлеуге шақырылды. Қазақстанды әлемдік ауқымда тартымды туристік бағыт ретінде ілгерілететін «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы дөңгелек үстелдің модераторы ретінде қатысу құрметіне ие болды.
Дөңгелек үстелдің күн тәртібінде туристік саланың маңызды мәселелерін, ал ең бастысы – оларды шешудің нақты нұсқалары тақыланатын болады. Әр елдің туризмді дамытудың өзіндік ерекше әдістері мен стратегиялары бар, сондықтан сессия аясында сәтті кейстермен алмасу бейімделуге және қолдануға болатын ең жақсы тәжірибелер туралы білуге мүмкіндік береді. Іс-шара әрбір қатысушы елдің туристік бағыттарын ілгерілетудің іске асырылып жатқан жаңа жобалары мен құралдарын талқылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, байланысты нығайту және туристік алмасуды дамыту үшін спикерлер ықтимал бірлескен трансшекаралық жобаларды, елдер арасындағы туристік маршрут бойында анықталған мәселелер шешімдерін талқылайды. Спикерлер өз сөздері барысында туристік саланы дамытуды қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларымен таныстырады.
«Алға, Қазақстан!» Еларалық Дөңгелек үстелін тұтастай алғанда экономикалық перспективалы туристік саланы ілгерілету мен нығайтуға және елдер арасындағы тур ағынын ұлғайтуға, үздік тәжірибелерді анықтауға және жаһандық ауқымда туризмнің тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасауға ықпал ететін болады.
Толығырақ ақпаратты сайттан табуға болады: www.kitf.kz