ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫҢ ӘЛЕМІН АШЫҢЫЗ: KITF 2024 КӨРМЕСІНДЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ТУРИЗМ БӨЛІМІ
24–26 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, «АТАКЕНТ» МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КӨРМЕ КЕШЕНІНІҢ АУМАҒЫНДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ БАСТЫ ТУРИСТІК ОҚИҒАСЫ - 22-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» - KITF 2024 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.
Көрме аясында кең аудиторияны қызықтыратын бөлімдердің бірі - медициналық туризм ұсынылады. Экономикалық пайда тұрғысынан бұл сегмент ұзақ уақыт бойы денсаулық сақтау саласы үшін де, туризм индустриясы үшін де ерекше тартымды болып келеді.
Келушілер назарына өз стендтерін: Қазақстанның санаториялық-курорттық ұйымдары, Әзірбайжан медициналық туризмінің өкілдері, Үндістанның аюрведиялық орталықтары, Словенияның шипажайлары, Чехияның эксклюзивті курорттары, Түркияның медициналық орталықтары, Оңтүстік Кореяның озық клиникалары мен госпитальдары ұсынады. 2024 жылғы көрмеге қатысушылардың алғашқы үштігінің қатарында SLKI/ Рогашка (Словения), MARIANSKE LAZNE (Чехия), Somatheerm Ayurveda (Үндістан) және басқалары бар.
«Медициналық туризм» секторы келушілер арасында көрменің ең сұранысқа ие 3 бөлімінің қатарына кіретінін атап өту маңызды. 2023 жылы өткен KITF көрмесінің қорытындысы бойынша үш күн ішінде экспозицияға әлемнің 33 елінен 4 121 туризм саласының кәсіби қызметкерлері келді, оның ішінде 1 099 маман сауалнамада көрменің «Медициналық туризм» бөліміне үлкен қызығушылығын білдірді. Бұл көрсеткіш халықаралық деңгейде медициналық туризм секторының қажеттілігін және адамдар арасында турагенттіктер арқылы шетелде медициналық қызметтерді іздеу тенденциясын айқын көрсетеді. Сондай-ақ, осы салаға қызығушылық танытқан мамандар мен туристер санының артуы медициналық туризмнің мүмкіндіктері туралы хабардарлықтың артқанын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі елдердегі, оның ішінде Қазақстандық туристер үшін де медициналық мекемелерге деген сенімнің нығайғанының айқын көрінісі.
Көптеген елдер медициналық қызметтерді халықаралық аренада белсенді түрде дамытып насихаттау үшін қызмет көрсету сапасын жақсартуға, ұсынылатын процедуралар ауқымын кеңейтуге және шетелдік пациенттер үшін жайлылық деңгейін арттыруға айтарлықтай қаржылық ресурстар жұмсайды. Пластикалық хирургия, стоматология, кардиология және ортопедия қызметтері ерекше сұранысқа ие. Сонымен қатар, медициналық туризм секторы үшін жаңа перспективалар ашатын оңалту бағдарламаларына, сауықтыру және профилактикалық емдеуге қызығушылық артып келеді.
Біздің мемлекет мемлекет ішіндегі де, мемлекет сыртындағы да ем алушылардың назарын аудартатын мекенге айналғаны мәлім. Жыл сайын ем алу мақсатында шетелге шығатын Қазақстан азаматтарының саны артып келеді. Медициналық туризмді дамыту жөніндегі «Астана Даму Орталығы» ЖШС Басқарушы директоры Дарина Демянның айтуынша (2023 жылғы 23 қазандағы деректерге сәйкес) жыл сайын 50 мыңнан астам қазақстандық емдік-сауықтыру мақсатында шетелге шығады. Бұл статистика біздің нарықта медициналық туризмді дамытудың болашағын көрсетеді.
Осыған байланысты, ірі туристік көрме аясындағы медициналық туризм секторы - клиенттерге сапалы ұсыныстар іздеуге, ал экспоненттер үшін өз қызметтері мен өзгешелігін көрсетуге арналған үздік алаң.
«Медициналық туризм» бөлімінің қатысушылары санаторий-курорттық емдеу қызметтерін таныстырып, Spa & Wellness, диагностикалық, оңалту орталықтары мен клиникалардың жұмысы туралы хабардар етеді. Сондай-ақ дәстүрлі медицинаның ерекшеліктері мен керемет мүмкіндіктері туралы ақпаратпен бөліседі. KITF көрмесі аясында жоғарыда айтылған қызметтермен таныстыру келушілерге шетелде емделудің заманауи мүмкіндіктерінің толық бейнесін алуға мүмкіндік береді.
Осылайша, Қазақстанда медициналық туризмді дамыту ұлт денсаулығын нығайту мен ел экономикасының өркендеуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Халықаралық сапа стандарттарына ұмтылу, инновациялық технологияларды енгізу және әртүрлі елдердің пациенттері үшін қолайлы жағдайлар жасау Қазақстанды медициналық туризм үшін тартымды бағытқа айналдырады. Көрменің медициналық туризм бөліміне қатысу арқылы сіз жаңа серіктестер табуға, туристік ағымды тартуға және бүкіл әлемнің туризм саласындағы мықты өкілдері жиналатын алаңда халықаралық деңгейде өз ұйымыңызды таныстыруға бірегей мүмкіндік ала аласыз.
Толық ақпарат іс-шара веб-сайтында: www.kitf.kz