«ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ» KITF 2022 КӨРМЕСІНДЕ ШЕКСІЗ ӘЛЕМ
Барлық туристік қоғамдастық бірауыздан Алматы үшін сәуір айы қайтадан маусымның басталуына айналып, қаланы бүкіл әлем үшін бірыңғай туристік орталыққа айналдырғанын атап өтті.. 20-22 сәуір аралығында «Атакент» Көрме орталығында «Туризм және саяхат» - KITF 2022 Мерейтойлық Қазақстандық халықаралық көрмесі табысты өтті, онда әлемнің 19 елінен 216 компания өз туристік өнімдері мен қызметтерін ұсынды.
Коронавирус пандемиясына байланысты көрмені өткізудегі үзілісті ескере отырып, 2022 жылы KITF қатысушылар мен келушілер үшін ерекше маңызға ие болды: бірінші кезекте, барлығына туризм мерекесінің атмосферасын қайтадан тамашалауға және экспо-оқиғаға қатысудың барлық әлеуетін ашуға мүмкіндік бере отырып, әлеуетті серіктестермен бетпе-бет кездесуге, әріптестік диалог жүргізуге, сондай-ақ туризм саласындағы жаңа туристік бағыттар мен инновацияларды тиімді көрсетуге мүмкіндік береді. Экспоненттер арасында шетелдік қатысушылардың 50% - дан астамы қатысатындығы оқиғаның халықаралық мәртебесін растайды. Экспозицияда Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Мысыр, Үндістан, Индонезия, Италия, Испания, Қазақстан, Малайзия, БАӘ, Польша, Словения, Таиланд, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Жапония компаниялары таныстырылды. Әзірбайжан, Индонезия, Қазақстан, Малайзия, Польша, Оңтүстік Корея ұлттық стендтері аудиторияға өз өнімдері мен қызметтерін ұсынды.
Бірінші көрме күнінің құрметті қонақтары Еркінбаев Е. М. - ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі; Сәкенов А. М. - ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы; Аманкелді С. Б. - «Алматы қаласы Туризм басқармасының» басшысы; Сәдуақасов Қ. С. – «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ Төрағасының орынбасары; Шайкенова Р. Р. - «Қазақстан туристік қауымдастығының» директоры; Қонанова Д. Б. - «Атамекен» ҚР ҰКП туризм департаментінің директоры, Мақыпова М. – «АТАКЕНТ» ҚІЫО АҚ Басқарма төрағасы, Президенті, Венгрия, Индонезия, Иран, Корея, Литва, Өзбекстан қатысушы-елдердің Бас консулдары және Даниленко Б.А. - «ITECA» көрме компаниясының директоры.
Үш күн ішінде экспозицияға 3 686 бірегей келушілер келді, бұл Қазақстанның туристік нарығына деген сөзсіз қызығушылығын дәлелдейді және Қазақстанда және жалпы Орталық Азияда туризмді одан әрі дамыту үшін онлайн-оқиғалардың маңыздылығын көрсетеді. Қазақстанның барлық өңірлерінің барлық көрмесінің экспозициясын ашатын біріңғай ұлттық стендімен Туризм басқармалары мен Сапар орталықтары тұлғасында қатысуы, қазақстандық тур.өнімді ішкі және кіру тур.ағыны үшін қызықты, бәсекелі бағыт ретінде көрсетті. Келушілердің сауалнамасына сәйкес, көрмелер туризм саласының трендтерімен танысуға, пайдалы байланыстар табуға, әріптестерімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. FUN&SUN premium және FUN&SUN турагенттіктерімен жұмыс бөлімінің жетекшісі Людмила Браун KITF көрмесі бизнесті дамыту үшін өте пайдалы және өте қажет болғанын айтты. «KITF - бұл жаңа клиенттерді тарту және іздестіру бойынша орасан зор мүмкіндіктер, сондай-ақ нарықтың қазіргі ойыншыларын бақылауға, олардың оң тәжірибесін қабылдауға, сондай-ақ бүкіл Қазақстан мен әлемнің ежелден келе жатқан серіктестерімен кездесуге үлкен мүмкіндік», - деп атап өтті Людмила.
Халықаралық экспоненттер өз экспозицияларының сапалы толықтырылуын қамтамасыз ете алды, өз стендтерінде кең ауқымды интерактивті бағдарлама және қатысушылардың ұлттық колоритін көрсететін келушілермен түрлі шаралар дайындады. Алғаш рет жаңа туристік бағыттар таныстырылды: Аджария аймағы, Беларусь Республикасы және Кёльн қаласы. KITF 2022-де келу және ішкі туризмге ерекше назар аударылды. Еліміздің әрбір өңірінің тарихи құндылығы мен мәдени мұрасын көрсете отырып, Қазақстанның барлық дерлік өңірлері кәсіби келушілерге өздерінің туристік өнімдерін ұсынды.
KITF көрмесінің іскерлік бағдарламасы Туризм үшін ең өзекті мәселелерді қозғады. Дөңгелек үстелдер, презентациялар және тақырыптық семинарлар отандық және шетелдік ірі туркомпаниялар мен салалық қауымдастықтар өкілдерінен аудиторияны жинады. Іс-шаралардың негізгі тізбесінің контентіне: «Салаға жетекшілік ететін мемлекеттік құрылымдар мен бизнес субъектілерінің жұмыс кездесуі», «Жаңа болмыс туризмі: қарқынды өзгерістер жағдайындағы тірек нүктелері» пленарлық отырысы, KITF Travel Fest саяхатшылар форумы, «Тұрақты жоспарлау Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың негізі ретінде» тақырыбындағы халықаралық семинар кірді. Отандық туристік нысандар пандемиядағы дағдарысты еңсеру бойынша практикалық кейстермен және осы кезеңде бизнесті дамыту жолдарымен бөлісті. Аудиторияның назарын осы жылы KITF алаңында алғаш рет өткен Travel Success Academy сессияларының сериясы аударды. Premium Travel, Fun&Sun Kazakhstan, Aviareps, Алматы облысы және Шымкент компаниялары бірқатар семинарлар мен пікірталас сессияларын өткізді, сондай-ақ туризмді одан әрі қайта бастау бойынша тәжірибелерімен және жоспарларымен алмасты.
KITF 2022 барысында ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, Алматы агломерациясында туризмді дамыту жөніндегі Жол картасын әзірлеу бойынша «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мен «Kaz Alpine Club» Қоғамдық бірлестігі арасында туризм саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, «Visit Aktobe» Туристік ақпараттық орталығы» КММ мен «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ болашақ туристік ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
KITF көрмесі кезекті рет өздерін туристік сектордың көшбасшылары үшін де, жаңадан келгендер үшін де кездесулер, келіссөздер жүргізу үшін ең ірі, беделді және тиімді алаң ретінде көрсетті. Дәл осы жерде халықаралық және жергілікті компаниялар нарықтың қажеттілігі мен тұтынушының қызығушылығын бағалай алды, бәсекелестік ортаны зерделеді, бизнесті кеңейтудің қолданыстағы жаңа құралдарын тапты, одан әрі даму стратегиясын жасады.
2018 жылы көрме индустриясының сарапшылары KITF көрмесіне B2B алаңның халықаралық стандарттарына сәйкестігі үшін UFI (Дүниежүзілік көрме индустриясы қауымдастығы) сапа белгісін берді.
KITF 2022 Мерейтойлық көрмесінің ресми серіктесі - KOMPAS компаниясы. Ресми қолдау мен ынтымақтастықты ҚР Спорт және мәдениет Министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазақстан туристік қауымдастығы» ЗТБ, «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы көрсетті.