23-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

23-25 сәуір 2025

23-ШI ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ТУРИЗМ ЖӘНЕ САЯХАТ" КӨРМЕСІ

23-25 сәуір 2025

KITF TRAVEL PARK: БҮКІЛ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҒЫ БІР АЛАҢДА.

Алматы қаласын  25 шілде мен 8 тамыз аралығында екі аптаға бүкіл Қазақстанның туристік қоғамдастығының орталығына айналдырған KITF Travel Park  «Атакент» көрме кешенінің аумағында сәтті өтті.

KITE Travel Park бизнес-аудиторияны, сондай-ақ өзінің демалысын Қазақстанның әр түкпірінде өткізуді жоспарлап отырған қала тұрғындарын қызықтырған  және қамтыған ивент-индустрия әлеміндегі нағыз инновациялық жобаға айналды. Жобаның негізгі мақсаты - осы қиын-қыстау кезеңде туристік саланы қолдау, еліміздің барлық бай әлеуетін көрсететін экспозиция арқылы ішкі туризмді дамыту.

1

KITF туристік көрмесінің командасы алға қойылған міндетті орындады, барлық 14 қатысушы-өңір жеке ресімделген стендтердің көмегімен өз өлкесінің әсемдігі мен көрікті жерлерін көрсетіп, жаңа туристік бағыттарды таныстырды және басқа өңірлердің туристік сала мамандарымен тәжірибе алмасты.

Қатысушылар мұндай жобаны өткізудің маңыздылығы мен уақтылығын атап өтті. «Коронавирус пандемиясымен байланысты күрделі жағдайларға қарамастан, Iteca компаниясы Қазақстанда ішкі туризмді ілгерілету бойынша қойылған міндетті сәтті орындады. Өңірлердің өкілдері еліміздің туризм саласындағы осы жарқын, креативті және ұмытылмас оқиғаның ұйымдастырушыларына алғыс білдіреді», - деп атап өтті Ақмола облысының туризм және демалыс индустриясы қауымдастығының төрағасы Батырханов Шынарбек Бүркітбайұлы.

2

Соңғы жылдары халықтың Қазақстанның туристік объектілеріне қызығушылығының тұрақты өсу тренді байқалуда, ол әсіресе пандемия және халықаралық әуе қатынастарының жабылуы кезінде көрініс тапты. Қазақстандықтар экологиялық, этнографиялық, санаториялық-курорттық және туризмнің басқа да түрлерінің мүмкіндіктеріне қызығушылық танытуда. Сонымен қатар, көрсетілетін қызметтердің сапасына да талаптар өсуде. KITE Travel Park үш күндік іскерлік бағдарламасының мазмұны экологиялық таза және қауіпсіз туризм, гастро-, агро - және экотуризмді насихаттау, қонақ үйлер мен отельдерді  одан әрі дамыту жолдары, глэмпинг пен керуен жолдары мәселелеріне арналды.

Ішкі және келу туризмін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Туризмді дамыту, туристік турларды ұйымдастыру және «Ұлы Жібек жолы» тізімін жалғастыратын семинарлар өткізу саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты бірлесіп іске асыру мақсатында өңірлер белсенді жұмыс жүргізіп, бірлескен жұмыс туралы бірқатар меморандумдарға қол қойды. Жоба барысында «Visit Shymkent» туристік-ақпараттық орталығы мен Павлодар облысының туризм басқармасының, «Visit Almaty» ақпараттық орталығының және Ақмола облысының туристік-ақпараттық орталығының ынтымақтастығы туралы меморандумдарға қол қойылды.

3

Экспо-іс-шараны барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып, ашық ауада өткізу экспозиция қатысушылары мен қонақтарын барынша қауіпсіздендіруге мүмкіндік берді, ең бастысы, көптен күткен жанды қарым-қатынас форматында туризмді одан әрі дамытудың перспективаларын жаңа жағдайларда талқылауға және қазақстандықтар мен ел қонақтарының ішкі туризм өніміне деген қызығушылығын тиімді ынталандыруға жол ашты.

4

Жобаны қазақстандық Iteca көрме компаниясы ұйымдастырды. Ресми қолдау көрсеткендер: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Kazakh Tourism ҰК» АҚ, Visit Almaty, Қазақстандық Туристік Қауымдастық, «Атакент» КІЫО АҚ.  KITE Travel Park бас серіктесі – Visit Almaty. Іс-шараның серіктес өңірі Алматы облысы болды.